​Даяшы Теміртауда тойға келгендердің жаппай улануына себепші болған

0
3 232

Сальмонеллез таяқшаларын тасымалдаушы даяшы Теміртаудағы тойда 18 адамның улануына себепкер болған.


​Даяшы Теміртауда тойға келгендердің жаппай улануына себепші болған

ERNUR.KZ. Сальмонеллез таяқшаларын тасымалдаушы даяшы Теміртаудағы тойда 18 адамның улануына себепкер болған, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Сальмонеллезді таратушы даяшы екені анықталды және оның бұл кездегі жағдайы қанағаттанарлық болған. Сондықтанда таратушының ерекшелігі ол өзінің жағдайы туралы білмеген және осылайша адамдарға жұқтыра берген», - деді Қарағанды облысы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің жетекшісі Юрий Залыгин.

Оның айтуынша, мейрамханадағы санитарлық кітапшасы жоқ үш адамның қатарында дәл осы даяшы болған.

«Бүгінде мейрамхана басшылығы медициналық тексерістен өткені туралы анықтамасы жоқ адамды не себепті жұмысқа алғаны анықталуда, тергеу органы тексеруде ", - деген Юрий Залыгин даяшының емделіп жатқанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Теміртауда үйлену той барысында 18 адам уланып қалған. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 304 бабы 1 бөлімі бойынша (санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) қылмыстық іс қозғалды.