ДӘРІГЕРЛІК КӘСІБІ – мамандықтың асылы

Уақыты: 18.06.2016
Оқылды: 1623
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті. Жылдағы дәстүр бойынша денсаулық сақшылары сарайдың кіреберісіне медицина саласының жаңалықтарын паш ететін көрме ұйымдастырды. Арнайы қойылған монитордан адам өміріне қауіпті сырқаттарды жеңуге арналған әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялардың жұмысы көрсетілді. Жүрекке ота жасаушылар бүгінде маманданып алды. Орталықта жүрекке ашық және жабық ота жасау бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Монитордан ашық ота жасалып жатқан көрініс жиынға қатысушыларды бас шайқатты. Бүлкілдеген жүректі арнайы жіппен тігіп, жұмыс істеу ырғағын қалыпқа келтірген дәрігерлердің шеберлігі таңғалдырды. Өз ісінің нағыз білгір мамандары. Шатасуға, қия басуға болмайтын шаруа. Медицинаның соңғы жетістігіне тәнті болған облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ орталыққа тағы да кардиохирургтер тарту керектігін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқан БАЙДУВАЛИЕВКЕ табыстады.

Бүгінде тізе мен буынға ота жасау жақсы жолға қойылған. Эндопротез жұмысы қыруар қаржы тұратындықтан көбінесе квота арқылы жасалады. Бұл орайда алтын қолды дәрігер Анарбек Монғолханның еңбегі зор. Оның әдісі бойынша буыны алмастырылған сырқат бір тәуліктің ішінде тұрып, жүріп кетуі тиіс. Солай болып та жатыр. Буын ауыс­тыру отасының жауапкершілігі мен маңызы өте зор. Көбінесе жазым мен кездейсоқ оқиғадан болатын жарақат салдары ауыр жағдайға душар етеді. Жағдайды тек білікті дәрігер ғана қалпына келтіре алады. Бұл орайда, облыс әкімі жарақат емдеу­шілерге арнайы бөлім немесе орталық ашып берудің уақыты келгенін айтты. Денсаулық сақтаушылар көкейдегі ойларының қозғалғанына ризашылық білдіріп, тездетіп керек құжаттарды дайындайтындарын айтты.

 Салтанатты жиынның негізгі бөлімінде экраннан облыстық денсаулық сақтау жүйесінің жеткен жетістіктері паш етілді. Облыста халыққа сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге бағытталған заманауи әдіс, технологиялар кеңінен енгізілуде. Емдеу, алдын алу мекемелерінде кардиохирургия, нейроинсульт, гемодиализ бөлімдері ашылып, жылжымалы медициналық қызмет, трассалық медициналық пункт, санитарлық авиация, реонимобильдер қызметі жандандырылуда. Биыл тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында дәрі-дәрмектерге жергілікті бюджеттен 2652,1 миллион теңге қаражат бөлінген. Облыста қан айналым жүйесі, қант диабеті, глаукома, қатерлі ісік дерті, сүт безі, тік ішек пен тоқ ішек, жатыр мойны рагін ерте сатыда анықтау мақсатымен скринингтік тексеру жүргізілуде. Тағы бір ауыз толтырып айтар жаңалық, шілде айында Талдықорған қаласында 300 орынды жаңа аурухананың ашылатындығы.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Амандық Баталов денсаулық сақтау саласы мамандарын төл мерекелерімен құттықтады.

– Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Ширек ғасыр­да Қазақстан әлемге танылып, озық елдердің қатарына қосылды. Осы биік межелерді бағындыруда және болашақ ұрпақтың және жалпы ұлт саулығын жақсартуға қосып жатқан үлестеріңіз зор. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы бір сөзінде: «Өмірде нағыз табысқа – адамдарға және өз еліне пайда әкелетіндер ғана қол жеткізеді» – деген болатын. Барлық медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижесінде, біз басты міндеттерге қол жеткіздік. Нысаналы индикаторларды уақытынан бұрын орындадық» – дей келе ол денсаулық саласына бөлінетін қаржының жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығын айтты. Биыл облыстық денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемі 68,3 млрд. теңгені құраған. Бір тұрғынға бөлінетін қаржы 39,5 мың теңге көлемінде. Бүгінгі күні жас сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін заман талабына сай 46 СИПАП аппараты, шала туған нәрестелерге арналған 78 кювез, өкпені жасанды түрде демалдыратын 38 қондырғы қолданыста. Облысымызда күрмеуі қиын мәселенің бірі медицина маманының жетіспеушілігі. Өткен жылы облысқа 89 жас маман келіп, оның 45-сі жеке пәтер, ал, 56-сы үй салуға несие алды. Биыл Талдықорған қаласынан 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілтін денсаулық сақшылары алғаны баршаға мәлім. Медициналық оқу орындарына облыс әкімінің тарапынан 82 грант бөлініп, жастарымыз медицина мамандығы бойынша білім алуда. Бүгінгі күні соның 11-і қызметке араласып үлгерді. Сондай-ақ, биыл облысқа денсау­лық сақтау саласы бойынша 135 жас маман жұмысқа келеді деп жоспарлануда. Іс тетігін маман шешеді деген тәмсіл бұрыннан бар. Халықтың денсаулығын сақтау барысында барлық ұжым бір қолдың саласындай еңбек етуде. Сонда да әріптестерінің алдында жауапкершілік жүгін ерекше сезініп, еңбегімен еленіп жүргендер баршылық. Мереке күні облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы солардың бірнешеуіне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті. Бірқатары ақшалай сый-сияпатқа ие болды. Олардың қатарында «Үздік дәрігерлік амбулатория» номинациясы бойынша жеңімпаз аталған Жамбыл ауданы Ақсеңгір дәрігерлер амбулаториясы да бар. Меңгерушісі Мұсаева Сабира Айтжанқызы. Сондай-ақ, «Үздік аудандық аурухана» жеңімпазы – Райымбек ауданы Нарынқол ауылдық ауруханасы. «Үздік аудандық орталық аурухана» жеңімпазы – Талғар аудандық орталық ауруханасы. «Үздік облыстық медициналық мекеме» жеңімпазы – Алматы аймақтық туберкулез диспансері. «Кезексіз емхана!» жеңімпазы – Көксу аудандық орталық ауруханасының емханасы. «Үздік менеджер» жеңімпазы – Текелі қалалық ауруханасының бас дәрігері Ләйлә Төлеуханова. «Үздік мейірбике» жеңімпазы – Малайбекова Салтанат Есімбекқызы. «Үздік дәрігер» жеңімпазы – Максим Стадников

 Салтанатты жиын соңы дәрігерлер қауымына арналған концертпен жалғасын тапты. Ақ желеңді абзал жандар жылына бір келетін мерейлі мерекелерін шаттық көңілмен қарсы алғаны қуанышқа толы жүздерінен байқалып тұрды.

Гүлжан ТҰРСЫН