МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ

Уақыты: 21.06.2021
Оқылды: 1660
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау өтті.

Байқауға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Сырлыбаева, «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары Досан Қызайбайұлы, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мәдениет, өнер шараларын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Төлеужан Ғұмаров қазылық етті.

Байқау екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қазылар алқасы аудан, қалалардан іріктеу турынан өткен, байқауға қатысушылардың өтінімі бойынша түскен бейнематериалдарды бағалады. Байқаудың екінші кезеңі  онлайн режимде өтті. Онда қатысушылар берілген тақырыпта ой толғап және мақалдың мазмұнын аша білді. Тіл сарайында қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды Панфилов ауданынан келген Азиз Абдушакиров жеңіп алды. ІІ орын талғарлық Зайтуням Рашитованың еншісіне бұйырды. ІІІ орынды Ұйғыр ауданынан келген Наталья Мусабай мен Кербұлақ ауданынан келген Виктория Кирпиченко қанағат тұтты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"