АҚЫЛДЫЛАР ОЙЫНЫ

Уақыты: 20.06.2021
Оқылды: 736
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Шахмат- ойлау қабілетті арттыратын интеллектуалды ойын түрі. Бұл ойынды ойнай білетін адамның өзгелерден артықшылығы ойлау қабілетінде.Себебі, ақыл мен зейінділікке бағытталған бұл ойынды кез- келген адам ойнай алмайды.


Тәрбие тал бесіктен демекші, баланы ес біле бастаған сәттен бастап шахмат үйірмесіне берген жөн. Бұл баланың ең алдымен ойлау қабілетіне әсер етеді. Яғни, оның  логикалық ойлау қабілетін арттырып, интеллектісін жоғарылатады. Бұған дәлел, Қазақстанымызды күллі әлемге паш еткен шахматшы Жансая Әбдімәлік.Жас шахматшы бұл жолды  алты жасынан бастап, көп күттірмей  14 жасында әйел гроссмейстер атағына ие болған. Сонымен қатар, әлемнің ең үздік шахматшысы  Жансая Әбдімәлік  қазіргі таңда халықаралық  деңгейде гроссмейстератанды. Міне, біз оқушыларға осындай таланттарымыздың есімін ұлықтай отырып, шахмат ойнауға бағыттаймыз. Ақылдылар ойынын ережесін жетік меңгертекен кейін біз оқушыларды өзара жарыстырамыз. Сол арқылы үздік ойыншыны анықтаймыз. Шахмат ойынын онлайн түрде де жаттықтыруға ыңғайлы. Біздің мектепте шахматқа қызығушылардың қатары көп. Төменгі сыныптан бастап, жоғары сыныпқа дейін шахматқа әуес. Сабақ жоспарына енген және қосымша жаттығу жұмысы да өтеді.

Оларды біз жас ерекшеліктеріне қарай бөліп, ойнату кезінде әр оқушының жетістігін саралап, кеткен кемшіліктің де орнын толтыруға тырысамыз. Демалыс кезінде де жаттығу жұмыстары өтеді, әркім онлайн түрде қатыса алады.

Батыржан Тлеуғабылов,
№2 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі