ТУҒАН ЕЛГЕ АТ БАСЫН БҰРДЫ

Уақыты: 27.06.2021
Оқылды: 1216
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорғанға осы өңірдің тумасы Олег Сосковец келді. Ол Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары. Сондай-ақ, Еуразиялық іскерлік кеңесі Үйлестіру кеңесінің төрағасы.


Олег Сосковец Талдықорғандағы Ленин атындағы № 2 орта мектепте білім алған. Ол өзі оқыған мектепке арнайы ат басын бұрды. Білім шаңырағының ұстаздары және түлектерімен болған кездесуде өзін үлкен өмірге қанаттандырған білім шаңырағына бас иетінін білдірді. 

Қонақ өзіне дәріс берген мұғалімдерін еске алып, сол кездегі білім беру үрдісі жайлы айтты. Әр сыныпты аралай жүріп, мектептің заманауи құрал-жабдықпен қамтылғанына, сабақтың жаңартылған білім жүйесімен оқытылатынына ризашылық білдірді. 

Мәртебелі мейман мектептің архивтік журналына тілек жазып қалдырды. Мұғалімдерге сыйлық ретінде фотоальбом табыс етті. Оған өзінің мектеп жылдарындағы және іскерлік саладағы ең үздік суреттерін жапсырыпты. 

Олег Сосковец кездесуден кейін қаланың көрікті жерлерін аралады. 

Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ