ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС: ҮШ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Уақыты: 29.06.2021
Оқылды: 1046
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған маңындағы арматура зауытында снаряд жарылып, үш адам зардап шекті. Бұл туралы "Жетісу" газетінің сайты "Еуразия" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Жарақат алған үш адам - кәсіпорын жұмыскерлері. Зардап шеккендерді дереу қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізіп, біреуіне шұғыл түрде күрделі ота жасалған. 

- Бауырды тігіп, бүйректі алуға тура келді. Қазіргі жағдайы орташа ауыр. Екінші науқас, ол травма бөлімінде. Жағдайы қалыпты. Оған ешқандай ота жасалған жоқ, - дейді дәрігер -хирург Қуат Нұрланұлы.

Тағы бір зардап шеккен азамат дәрігерлік тексеруден кейін үйіне жіберілген. Қазір оқиға орнында саперлар тобы жұмыс істеуде. Олар жарылыстың мән-жайын анықтамақ. Ал, жарылысқа қатысты күштік құрылымдар ресми мәлімет бермеді деп хабарлайды телеарна. 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"