ЖУРНАЛИСТЕР НАЗАРЫНА: «САМҒАУ» БАЙҚАУЫНЫҢ ТОЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ

Уақыты: 02.07.2021
Оқылды: 1988
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы «Самғау» байқауы туралы 

ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕ
1.1. Алматы облысы әкімінің «Самғау» жүлдесі – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдерінің арасында өтетін дәстүрлі байқау. Байқауды ұйымдастырушы – Алматы облысының ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі – ІСБ). 
1.2. «Самғау» байқауы Алматы облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара. 
1.3. Байқауға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың  редакциялары,  шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлар қатысады. 

2. БАЙҚАУДЫҢ  МАҚСАТЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ 
2.1. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы «Самғау» байқауы халықты Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету мақсатында өтеді.
2.2.    Байқаудың негізгі мақсаттары:
• Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын көрсету; 
• Аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету;
• Сапалы бұқаралық ақпарат құралдарын насихаттау және дамыту; 
• New-media-ның (блогинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін дәріптеу;

2.3      Байқаудың негізгі міндеттері:
• Облыстың Тәуелсіздік жылдарындағы ақпараттық- имидждік жетістіктерін жария ету;
• Баспа және электронды БАҚ өкілдерінің кәсіби дамуын, шығармашылықта  өзін-өзі дамытуын моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру; 
• Облыстағы журналистика қоғамдастығында жаңа перспективалы есімдерді анықтау;
• Журналистердің назарын «Рухани жаңғыру», «COVID-19» коронавирустық инфекциямен күресу, цифрландыру, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға 35 жыл», «Облыс орталығының Талдықорған қаласына көшкеніне 20 жыл» және т.б. тақырыптар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына аудару. 

3. КОНКУРСҚА  ҚАТЫСУШЫЛАРҒА  ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР
3.1. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы «Самғау» байқауына қатысуға хақылы:
• Жеке ізденушілер  – аймақтық және орталық БАҚ-та, облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдар мен телерадиокомпанияларда жұмыс істейтін журналистер (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер);
• Жазылушы аудиториясы кемінде 5К/50К болатын блогерлер, қоғамдастық әкімшіліктері; 
3.2    Байқауды өткізу барысында қатысушылар презентация, қайырымдылық іс-шаралар мен баспасөз конференцияларына тартылуы мүмкін;
3.3    Номинант ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Номинант туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуацияны сақтай отырып жарияланады.
   
4. КОНКУРС  АТАЛЫМДАРЫ
4.1.    Байқау Алматы облысында келесі аталымдар бойынша өткізіледі:
1. « Жылдың үздік журналисі» (ақпараттық мақала);
2. «Жылдың үздік тележурналисі» (жаңалық сюжет); 
3. «Жылдың үздік операторы» (бейнематериал);
4. «Жылдың үздік фотосуретшісі» (фотосуреттер);
5. «Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін» (ардагер журналист); 
6. Жылдың үздік республикалық (халықаралық) тілшісі (репортаж, Алматы облысы туралы ақпараттық материал);
7. «Жылдың үздік тілшісі» (аудан, қалалық баспа басылымдары);
8. Жылдың  баспа басылымның үздік дизайны, инфо- графикасы;
9. Жылдың үздік бейнеклип өндеушісі (монтаж);
10. Жылдың үздік облыстық, республикалық Vlog (Алматы облысы бойынша бейне-блог) немесе Үздік блогері (Алматы облысы туралы пост);
11. Жылдың үздік желілік басылымы;
12.  Бейсен Құранбек атындағы кәсіби шеберлік үшін арнайы номинация.
 
5. КОНКУРС  МАТЕРИАЛДАРЫН  БАҒАЛАУ  ӨЛШЕМДЕРІ:
5.1. Байқау бір кезеңде өткізіледі. 
5.2. Тіркелген баспасөз және электрондық БАҚ-та 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қазан аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір автордың бір материалы  ұсынылуы тиіс. 
5.3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін   ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қазылар алқасы тиісті біліктілік талаптарына сәйкес материалдарды сараптамалық бағалау әдісімен саралайды. 
БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):
• Ұсынылған номинацияға сәйкестігі;
• Мәселенің әлеуметтік маңызын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігі;
• Материалды ұсынудағы жаңалық және ерекшелік, кәсібилік пен публицистикалық шеберлік; 
• Жарияланым сапасы (тұжырымдар, цифрлар, фактілер);
• Фотосуреттердегі арнайы эффектілер 30% дан аспауы керек, авторлық құқық бұзылмауы қажет.

БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
• Файл көлемі: 25 ГБ дейін; 
• Формат: mp4; 
• Видеокодек: H264 (MainConcept); 
• Bitrate: 3 600-ден 10 000 kbps-ге дейін; 
• Разрешение: 1280х720 немесе 1920 х 1080; 
• Framerate: 25fps; 
• Keyframe: әрқайсысы 25; 
Қажет болған жағдайда қазылар алқасының мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.

6. БАЙҚАУДЫҢ  ӨТУ  ТӘРТІБІ
6.1.    Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2021 жылғы 1 қазанға  дейін қабылданады. Конкурсқа 2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 қазан аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да  БАҚ-та, теле және радиоэфирлерде, блогтарда  жарияланған материалдарды ұсынуға болады. 
6.2.    Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстардың авторларын іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды. 

7. БАЙҚАУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ  КОМИТЕТІ
7.1. Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға  қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді. 
7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені  басшылыққа алады.

8. КОНКУРСТЫҢ  ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
8.1.    Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша  қазылар алқасын құрады    
8.2.    Қазылар алқасы ізденушілер ұсынған материалдарды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды.   
8.3.    Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы – Алматы облысының ІСБ, қоғамдық журналистік ұйымдарының өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ басшылары, ғылым және қоғам қайраткерлері, байқаудың демеушілері (әріптестері) кіреді.  
8.4.    Қазылар алқасы байқау ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі.
8.5.    Қазылар алқасының мүшелері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне міндетті түрде қатысуы қажет.

9. КОНКУРС  ҚОРЫТЫНДЫСЫН  ШЫҒАРУ
9.1.    Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. 
9.2.    Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау  ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы.  
9.3.    Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады. 
9.4.    Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

10. БАЙҚАУҒА  МАТЕРИАЛДАРДЫ  ҰСЫНУ  ШАРТТАРЫ
10.1.    Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек.  
10.2.    Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28-үй, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы  немесе мына электрондық мекенжай бойынша:  uvp_smi@mail.ru  
10.3.    Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс, ағылшын;
10.4.    Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.
10.5.    Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:
• Материалдар MP4, full HD форматта қабылданады;
• Материалдың хронометражы 3 минуттан аспауы тиіс;
• Фотосуреттер ең төменгі кеңейтумен 2398х3602 пиксельден бастап. 
10.6.    Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ www.politika.zhetysu.gov.kz  сайтында және басқа да дереккөздерде  толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"