ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Уақыты: 18.07.2021
Оқылды: 748
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақ халық педагогикасында ұлттық тәрбиенің нәтижесі жетілген ұлттық тұлға болып  табылады. Бұл қазақ халқының түсінігіндегі «сегіз қырлы, бір сырлы адам», сондықтан ұлттық тәрбиенің мақсатын ғалымдар жаны таза, тәні сау, өнегелі, өнерлі, сегіз қырлы, бір сырлы жетілген толық адамды тәрбиелеу ретінде анықтайды.


Оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеті маңызды талаптары іске асыруда үлкен  мүмкіндіктерге ие, ол біртіндеп педагогикалық басшылықтың үзіліссіздігін және бірыңғайлығын, оқыту мен тәрбие берудың бірыңғай ұстанымдарын жүзеге асырады. Тәрбие өмірмен тығыз байланысты... Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстары үлкен тәрбиелік күші бар үлес, тұлғаның жан-жақты дамуының шарты, баланың белсенді өмірлік ұстанымын құрастырудың құралы болып табылады. 

Бастауыш мектептегі кез келген сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану мүмкіндігі мол. Мәселен, «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттын қамын жер » т.с.с мақал-мәтелдер 7 санының қазақтарда қасиетті сан болғанымен байланысты айтылып тұр, сондықтан оларды 7  санын өткен кезде тиімді пайдалануы оқушылардың халықтық салт-дәстүрлер туралы білімдерін молайтады.

Шешендік сөздер баланы сөз қадірін білуге үйретеді, ата-бабаны ардақтауға тәрбиелейді, философиялық, данышпандық ой мен өткір сөздің мән-мағынасын сезініп, терең ойлауға, тауып сөйлеуге құлшындырады, ой қисындарын кеңейтіп, сөз өнеріне қызықтырады. Жиренше, Сырым батыр, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек  би, Байдалы шешендермен қатар, қазақ ақындарының шешендік сөздері - ұлы мұра, терең философия. Мысалы, оқушыларды оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеуде шешендік сөздерді қолдану өте маңызды. 

Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан дүниесін , мінез-құлқын қалыптастырады, дарын-нышандарды өрнектейді.

Ақмарал Саметқызы,
№2 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі