ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Уақыты: 28.06.2016
Оқылды: 1431
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сарыарқаның төсіндегі асқақ Астанадан ақжолтай хабар келді. Халық айнасына айналған «Жетісу» газетінің қаламы жүйрік, ойы ұшқыр журналисі, қаракөз қарындасымыз Меруерт Молдағалиева облыстық іріктеуден өтіп, республикалық додада топ жарып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолынан диплом мен ақшалай сыйлық алып, Жетісу жұршылығының абыройын асқақтатып қайтты. Еліміздің барлық өңірінен қатысқан журналистер ішінде әріптесіміздің үздік үштіктен көрінуі ата басылымның абыройын тағы бір асқақтатып тастады. Еркіндігіміздің 25 жылдығы аясында мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқауында ІІІ орынды иеленген Меруерт Серікқызын төл мерекеміз қарсаңында алған жеңісімен құттықтаймыз!

«Жүзедн жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан әріптесімізге шығармашылық жетістіктермен бірге қаламы мұқалмай, қашанда ел жүрегінен орын алар туындыларының көбейе беруіне тілекшіміз!

«Жетісулықтар»