Судья және сот қызметкері күні тойланды

Уақыты: 25.06.2022
Оқылды: 1545
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

24 маусым – Судья және сот қызметкері күніне орай Алматы облыстық  сотында салтанатты жиын  өтті.

Мұндай мереке тұңғыш рет өтіп отыр. Бұған дейін сот қызметкерлері тамыздағы Конституция күні жалпы мереке ретінде атап өтіп келген болатын. Салтанатты шараға мемлекеттік органдардың басшылығы мен облыстық сот судьялары, аудандық соттардың төрағалары,  сот әкімшілігі, сондай-ақ сот жүйесінің  ардагерлері қатысты. Жиында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың құттықтау хатын оқыды. 
– Бүгінгі кәсіби мерекенің  белгіленуі – сот төрелігіне,  әділдік  алаңында аса зор шыдамдылықпен, асқақ абыроймен еңбек етіп жатқан судьялар мен мамандарға деген құрметтің белгісі, – дей келе,  Ж.Тұяқов қатысушыларды  тұңғыш рет аталып отырған Судья және сот қызметкері күнімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді. 
Одан кейін ортаға облыстық сот төрағасы Е.Әбдіқадыров шығып, бірқатар әріптестеріне «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл» мерекелік  медалін табыстады. 

Әмір САНА 

Фото: inbusiness.kz  сайтынан алынды