Бірлік берекеге бастайды

Уақыты: 11.07.2016
Оқылды: 1420
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов жұмыс сапары аясында Көксу ауданындағы бірнеше нысанды аралады. Сапар барысында тұр­ғындармен пікірлесіп, ауыл-аймақтың жағдайымен танысып, елді мекендерді дамыту мен өркендетудің жаңа бағыттарын бағамдады.

Жетісулықтар Серік Әбі­кен­ұлының адамгершілігі мен іскерлігін жоғары бағалайды. Оның осы өңірді басқарып тұрған тұсында талай өркенді істердің бастамашысы бол­ғанын да жұрт ұмыта қойған жоқ. Сондай істердің бірі Ер­бол Тоқтағұлов басшылық ететін «Уыз Май Industry» ЖШС еді. 2010 жылы өз қо­лымен тұса­уын кесіп, алғашқы өнімін көзі­мен көрген Серік Үмбетов алты жылдан кейін тағы да сол өн­діріске соғып, жағдайын тағы бір саралап шықты. Депутат жұ­мысты зауыттың болашақ жоспар­ларымен танысудан бас­тады. Бүгінде кәсіпорын құры­лыс жобасының 90 пайызға жуы­ғын еңсеріпті. Алты жыл бұ­рын жалғыз ғана ғимараты болған зауыт аймағында бү­гінде қосалқы құрылыстардың саны көбейген. Осыдан-ақ жы­лына 50,0 мың тоннаға дейін майбұршақ шикізатын өңдей­тін, 100 адамды жұ­мыспен қам­тып отырған зауыттың байқауға болады. Десе де, бұл зауыттың өнімі облыс тұрғындарының май­бұршақ өніміне деген сұра­нысының 30-40 пайызын ғана қамтамасыз етіп келеді. Депу­тат осы мәселеге баса назар аударып, бұл саладағы жұмыс­ты ширатудың қажеттілігін тілге тиек етті. Сонымен қа­тар, зауыт басшылығына май­бұр­шақ егетін жер аумағын ұлғай­тып, өңір тұрғын­да­ры­ның уыз майға деген қажет­тілігін қам­тамасыз етумен қатар өнімін экспортқа шыға­рып, бренд қа­лыптастырудың жолдарын қа­рас­тыру ке­рек­тігін ескертті.

Келесі кезекте Серік Үм­бе­тов «Көксу қант зауыты» ЖШС-не бас сұқты. Ас­та­надан келген қонақты кіре­берістен зауыт жұмысшылары қарсы алып, зауыттың өн­ді­рістік және қосалқы цехтарын аралатып, өнім шығару мүм­кіндігімен таныстырды. Қа­шанда қа­­ра­­пайым­­дылығымен танылған Се­рік Әбікенұлы әдетінше жұ­мыс­­шы­лар­дың тұрмыс және де­ басқа жағ­дайларын сұрас­ты­руды ұмыт­қан жоқ. Депутаттың қам­қор пейіліне зауытты жазғы жөн­­­­деуден өткізіп жатқан жұ­мыс­­керлер шынайы риза­шы­лық танытты.

Статистикаға жүгінсек, «Көк­­­су қант зауыты» облыс тұр­ғындары бір жылда тұты­натын қант­тың 22 пайызын өн­ді­­реді. Зауыт өткен жылы 120 мың тонна қант қызылшасын өңдеп, 12 мың тонна қант алса, биыл шикізат көлемін 220 мың тон­на­ға жеткізіп, 25 мың тонна қант алуды межелеп отыр. Қант зауыты жылына бюд­жетке 17 миллион теңге салық төлеумен қатар қант өңдеу маусымы бас­талғанда 500-ге жуық адамды жұмыспен қам­тып, әлеуметтің әлеуетін арт­тырып келеді. За­уыт­­тың осын­дай мүмкіндігін ба­ғамдаған халық қалаулысы көпшілікті ел игілігі үшін ерін­бей еңбек етуге шақырды.

Кейінгі жылдары облы­сы­мыз­­да қант қызылшасын өсіру қауырт қолға алынып, қар­қын­ды жобалардың атқарылып жат­­қа­ны анық. Көксу ау­да­нын­да қант қызылшасын өсі­ру­де өзгеге үлгі болып отырған «Қай­рат» шаруа қожа­лы­ғының та­бысы мол. Былтыр 20 гектар жер­ге қант қы­зыл­шасын егіп, 1200 тон­на өнім алса, биыл оның кө­лемін 60 гектарға жет­кі­зіп, 2100 тонна қант қызыл­ша­сын алуды жоспарлап отыр. Ел эко­но­микасын өркендетуге осын­дай деңгейде үлес қосып отыр­ған шаруаның еңбек­кер­лі­гін жоға­ры бағалаған депу­тат олар­дың егіс алқабын ара­лап шық­­ты. Жайқала өскен тәтті тү­бірдің мол өнімге ке­нел­тетіні бір­ден байқалады. Мұндай жұ­мыс нә­ти­­жесіне риза­шы­лығын біл­дір­ген депу­тат ал­дағы күн­дерінің та­быс­ты бол­уын тіледі.

Осылайша Серік Үмбетов бір күндік жұмыс сапарын қо­ры­тындылады. Соңында жур­на­листердің сұрақтарына жауап бе­ріп, ниет біріккен жер­де бе­ре­ке болатынын та­ғы­ да еске сал­ды.

Қажет АНДАС