Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ". ЖЕТІСУДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБА БАСТАЛДЫ

Уақыты: 05.12.2022
Оқылды: 1994
Бөлім: БАСТЫ БЕТ

Жетісу облысында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Табысты отбасы» қайырымдылық жобасы басталды. 


Жоба Ұлытау, Абай, Жетісу, Түркістан және Ақтөбе облыстарында жүргізіледі. Таңдалған бес өңірге барлығы 300 грант қарастырылған.

«Табысты отбасы» жобасын қолдауға шамамен 200 миллион теңге бөлінді. Бұл сомаға гранттар мен басқа да шығыстар кіреді. Жетісу өңірінде жобаның ең белсенді алпыс қатысушысы өз істеріне құрал-жабдық түрінде грант алады. 

Жобаның мақсаты – қандай да бір себептермен мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алмаған,әлеуметтік қорғалмаған санаттағы жастар мен отбасыларды қолдау.

- Біз өңірдің мұқтаж отбасыларын «Табысты отбасы» жобасына қатысуға шақырамыз. Әлеуметтік жоба қазір қалыптасу кезеңіндегі «жаңа» өңірлерді қамтуда. Біз өз бастамамызбен Қазақстанның аз қамтылған азаматтарын мемлкеттік қолдаудың қолданыстағы шараларын толықтыра түсеміз. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына қолдағаны үшін және «Табысты отбасы» жобасына қосқан нақты үлесі үшін алғыс айтқым келеді,- деді жоба өкілі Айжани Нұрланова.

Табысты отбасы» жобасына көпбалалы және аз қамтылған, толық емес отбасылардың мүшелері, сондай-ақ,  ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған және табысы төмен отбасылардан шыққан жастар қатысады. Қатысушылар жаңа дағдыларға үйреніп, тәжірибелік тренингтерден, шеберлік сыныптардан өтеді. 

- Жетісу облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарында негізгі бағыттар - «Азаматтардың игілігі» мен «Мықты экономика». «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы – алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қосымша құрал. Көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін бизнес-дәріскерлер тарапынан бейінді оқыту және қолдау олардың өз ісін ашып, қаржылық жағдайын нығайтуға және жалпы өңіріміздің экономикасына оң ықпал ететіні даусыз, - деп атап өтті Жетісу облыс әкімнің орынбасары Рустам Әли.

 «Табысты отбасы» жобасына қатысу – азаматтар үшін өз ісін сенімді бастауға, кәсіпкерлек негіздерін зерделеуге және тұрақты табыс көздерін табуға мүмкіндік береді. 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"