ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТЕГІН КЕҢЕС БЕРЕДІ

Уақыты: 06.12.2022
Оқылды: 2698
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық қызметі тәулік бойы, үзіліссіз және демалыссыз тегін анықтамалық, консультациялық қызметтер көрсетуді, құқықтық мәселелер және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша кеңес беруді, ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларының ережелерін түсіндіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар туралы байланыс мәліметтерін ҚР Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының деректерін ұсынады.

Консультативтік қызмет көрсету:

- Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмірі: 119;

- Астана қаласының тұрғындары үшін: 8(7172) 58-00-58 (желі операторының тарифына сәйкес);

- Whatsapp мессенджері арқылы +7708-693-56-31;

- «Әділет» Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде «виртуалды кеңесшісі» виджетінің чат-бот модуляциясы арқылы;

-ҚР Әділет министрлігінің сайтындағы «Сұрақ-жауап» айдарлары арқылы жүзеге асырылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"