Болашақты ойласаң, бесігіңді түзе

Уақыты: 08.04.2016
Оқылды: 2163
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Апта ортасында Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында Ал­маты облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-де­мог­ра­фиялық саясат жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы болып өтті. Облыс әк­імінің орынбасары Бақтияр Өнербаевтың жетекшілігімен өткен алқалы жиынға аталған комиссияның мүшелері, бірқатар департаменттердің бас­шы­­лары, аудан әкімдерінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасарлары, ішкі сая­сат бөлімдерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан еді.

Маңызы мен мазмұны өте жоғары бас­қ­о­су­дың күн тәртібіне қойылған «Жамбыл, Іле, Тал­ғар аудандарының әкімдері жанындағы ко­мис­сиялардың адамгершілік және жыныстық жа­ғынан тәрбиелеу мен ерте жүктіліктің ал­дын алу жөніндегі жұмысы туралы» мәселесі бойынша алғашқы болып сөз алған Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Ер­мек­бае­ва өздерінде қалыптасып отырған жайға жан-жақты тоқталып өтті. Ұстаздармен, дәрі­гер­лермен бірлесе жасаған жұмыстың нәти­же­сінде өткен жылдан бері ерте жүктіліктің тір­кел­мегенін тілге тиек еткен ол ауданда жас­өспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие бе­ріп, бос уақыттарын тиімді пайдаланулары үшін, қыз балалардың ерте жүктілікке ұрын­уы­ның алдын алу жолында көптеген ша­ра­лардың қолға алынғанын баяндады. Осы орайда, жыныстық жауапсыздық, одан сақ­та­ну үшін қажетті білімнің болмауы, жас­өспі­рім­дер­дің алдында тұратын сұрақтарға ата-ана­ла­рының жауап бере алмауы, жыныстық жол­мен берілетін аурулардың артуы кәмелеттік жас­қа толмағандарды жасанды түсікке не­ме­се ерте жастан ана атануына алып келіп, өз­ге де бақытсыздыққа ұрындырып жатады. Мі­не, осындай келеңсіз жағдайларға жол бер­меу үшін мектептерде түсіндіру және алдын алу шаралары молынан атқарылуда.

Осы мәселе бойынша екінші болып баян­да­ма жасаған Іле ауданы әкімінің орынбасары Дәу­рен Жүнісов ауданда тұратын 191 мыңнан аса халықтың 52 пайызы, яғни 99 мың 66-сы әйел азаматтар екенін айта келіп, гендерлік сая­сат бойынша басшы қызметтер мен кәсіп­керлікті дөңгелентіп жүрген нәзікжандылар ту­ралы мәлімет беріп өткен. Адамгершілік жә­не жыныстық жағынан тәрбиелеу, ерте жүк­ті­лік­тің алдын алу жұмыстары мұнда да бел­сен­ді жүргізіліп, мектеп жасындағы қыз ба­ла­ларға мұндай жауапсыздық салдарының неге апа­рып соқтыруы мүмкін екені жан-жақты тү­сін­дірілуде. Осы орайда үгіт-насихат, түсіндіру, ата-аналармен әңгімелесу шаралары, жас­тар­ды ерте бастан денсаулығын сақтауға үн­дей­тін түрлі тақырыптағы 35 кездесулер, 28 «дөң­гелек үстел» басындағы әңгіме, дә­рі­гер­лік кеңестер өткізілген. Бұл өзекті мәселе бұ­қаралық ақпарат құралдарында да кеңінен тал­қылануда.

– Жыныстық қатынасқа ерте түсудің ал­дын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанына қа­ра­мастан, өкінішке орай, мұндай жағдайлар іші­нара тіркеліп отыр, – деді Дәурен Қаб­дол­даұлы. – Мысалы өткен жылы прокуратура, ішкі істер бөлімі және әкімшілік бірлесе өт­кіз­ген тексерулердің нәтижесі бойынша 12 жа­ғ­дай анықталып отыр. Бұлардың төртеуі мек­теп жасындағы тұрғылықты қыз балалар бол­са, 8-і басқа облыстар мен Алматы қаласынан кел­гендер. Олардың көпшілігінің колледжде оқитынын айта кету керек. Екі қыз бала әке-шешелерінің келісімі бойынша тұрмыс құрып, отбасы болғандар. Бұл жерде белгілі бір ұлттардың дәстүрлері бойынша қыз бала­лар­дың 16 жастан тұрмысқа шығатыны тағы бар. Соған қарамастан аталған жағдайлар бойын­ша қажетті шаралар қабылданып, кемшілікке жол берген оқу мекемелерінің басшылары жа­уап­қа тартылған.

Талғар ауданында да жасөспірімдерді жы­ныстық мәдениетке тәрбиелеу, ерте жүк­ті­лік­тің алдын алу шаралары кең көлемде жүр­гізілуде. Өздерінде атқарылып жатқан жұмыс жайлы баяндаған аудан әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы өткен жылы ерте жыныстық қатынасқа түскен жалғыз ғана жағ­дай тіркелгенін тілге тиек етті. Оның өзі Ал­ма­тыдан келіп колледжде білім алып жатқан бой­жет­кен екені анықталған. Алдағы уақытта мұн­дай кемшіліктерге жол бермеу шаралары жан-жақ­ты жүргізілуде. Бұл жерде шетелдік көр­кем­фильмдер мен ғаламтор желілері арқылы келіп жатқан жатпиғылды ақпаратқа тосқауыл қоюды қолға алудың маңызы зор.

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалиасқар Сарыбаев та көтеріліп отыр­ған мәселе жөнінде ой бөлісті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Балқаш, Қа­ра­сай аудандарының әкімдері жанындағы ко­миссиялардың әйелдерді саясатқа тарту жө­ніндегі жұмысы» туралы тиісінше аудан әкімінің орынбасарлары Сайран Смағұлов пен Ғалия Амановалар кең көлемде мәлімет беріп өткен. Бұл бағытта Елбасының тікелей қадағалауы бойынша нәзікжандылардың жауапты лауа­зым­­да­рға көптеп тартылып жатқанын айта кету ке­рек. Әсіресе, денсаулық сақтау мен білім беру са­ла­сында, биліктің үш тармағында, бизнесте олар­дың үлесі жыл санап көбейіп келеді. Ғалия Ма­танқызының баяндамасында көрсетілгендей, Қара­сай ауданында бұл жұмыс әсіресе қар­қын­ды жүргізуде. Қандай қызметте болса да өз міндеттеріне жауапты қарайтын нәзікжандылар өзгелерге үлгі көрсетуде.

Облыстық білім басқармасы басшысының орын­басары Гүлсара Исағұлова «Балаларға, жас­тарға арналған мектептен тыс мекемелер же­лісі мен бос уақытты өткізу орталықтарын да­мыту және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар» мәселесі бойынша баян­дама жасады. Бұл жерде өлкемізде тұ­рақты түрде жұмыс жасайтын мектептен тыс ме­кемелер, спорт үйірмелері, өнер ор­та­лық­тарымен қатар жаз айларында оқушылар де­ма­латын арнайы лагерьлер жөнінде де кең кө­лемде мәліметтер беріліп өтті. Ал төртінші мә­селе бойынша: «Ана мен бала өлім-жітімін азай­ту, түсік санын төмендету және ана қауіпсіздігі әдіс­терінің халық үшін қолжетімділігін қам­та­ма­сыз ету жөніндегі шаралар» туралы баяндама ж­а­са­ған облыстық денсаулық сақтау бас­қар­ма­сы басшысының орынбасары Сәуле Құс­мол­да­нова күн тәртібіне қойылып отырған тақы­рып­тың маңыздылығына тоқтала келіп, осы ба­ғытта атқарылып жатқан істерді көрнекі слайдтардың көмегімен көпшілікке ұғынықты етіп айтып берді. Сәуле Ырысбекқызы өлке­міз­де сәбилердің дүниеге келуі көрсеткішінің өсіп келе жатқанын айта келіп, жастардың жы­ныс­тық мәдениетін көтеру, ана болу жасындағы әйел­дердің денсаулығын жақсарту, ана мен сә­би өліміне алып келетін аурулар мен әлеу­меттік мәселелер төңірегінде маман кеңесін ортаға салған. Ал облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орын­ба­са­ры Алмат Үшкемпіров халық арасында сала­уатты өмір салтын қалыптастыру құралы ре­тін­де бұқаралық спорт пен денешынық­ты­руды насихаттау мәселесі бойынша атқа­ры­лып жатқан жұмыстарды жиналғандардың на­зарына ұсынды. Бұл бағытта да облысымызда қол жеткізген жетістіктердің жетерлік екендігі жұрт­шылыққа мәлім. Лондон Олимпиадасында біз­дің спортшылар алған биіктер, өзге де әлем­дік жарыстарда елімізге олжа салып жүр­ген жетісулық қыз-жігіттер жалпы жастарға спорт­пен айналысудың қажеттігін көрнекі түр­де көрсетуде. Ал соңғы жылдары өлкемізде бұ­қаралық спортты дамытуға күрделі қаржы бө­лініп, түрлі спорттық нысандардың бой кө­теріп жатқанына куә болып келеміз.

Күн тәртібіне қойылған мәселелердің ма­ңыз­дылығына назар аударған комиссия оты­ры­сының төрағасы Бақтияр Әлтайұлы жа­са­лынып жатқан жұмыстарға оң бағасын бере келіп, әлі де болса жасалынуға тиісті шара­лар­ды ашып көрсетті.

Басқосудың соңында Алматы облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және от­басылық-демографиялық саясат жөніндегі ко­мис­сия мен облыстық іскер әйелдер ассо­циа­ция­сының ұйымдастыруымен Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып «Іскер әйелдің имиджі» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренингті аталған ұйымның төрайымы, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңе­сінің мүшесі Р. Салықова кіріспе сөзбен бастап, әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғы­лы­ми-зерттеу институтының директоры, фи­ло­софия ғылымдарының докторы Зәмзә Қодар жи­налғандармен әйелдердің көшбасшылық қа­білеттерін қалыптастыру жөнінде тәжірибе са­бақтарын өткізді.

Қуат Қайранбаев

Жамбыл ауданы.