ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫНА ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАЛМАҚ

Уақыты: 03.03.2023
Оқылды: 3085
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Мемлекет басшысының бастамасымен жастардың жасампаз жобаларын жүзеге асыруға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» арнайы гранты тағайындалған болатын. Осыған орай, алдағы уақытта өңір жастарына грант тағайындалмақ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Елдар Сапаров мәлім етті.

«Жыл сайын бұл грант республикалық деңгейде өткізіліп келеді. Биыл алғаш рет Жетісу облысында өңірлік деңгейде жүзеге асырылмақ. Грант аясында 5 бағыт таңдалып алынған. Атап айтсақ, мәдениет, ғылым, бизнес, медиа және IT (ақпараттық технологиялар). Осы бағыттар бойынща облыста тұрғылықты мекен-жайы бар, 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың барлығынан өтінімдер күтеміз. Өтінімдерді қабылдау 10 мамыр мен 10 маусым аралығында Қоғамдық даму басқармасымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ , осы мерзімге дейін біз кеңестік қолдау көрсететінімізді атап айтқым келеді.», – деді Елдар Қайсарұлы.

Белгілі болғандай, грантқа ие болу мүмкіндігі мәдениет, ғылым, бизнес, медиа және IT саласына көзделген.Әрі жастар статусының 35 жасқа көтерілуі де көп үміткерге мүмкіндік сыйламақшы.

Ескеретін дүние, үміткерлердің конкурстық өтінімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды нұсқада қабылданады. Конкурсқа қатысты басқа да сұрақтар Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының сайтында жарияланады.

 

Фото: martebe.kz 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ