Гүлнәрдің, құрақ көрпесі

Уақыты: 16.07.2016
Оқылды: 2010
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Гүлнәр апай Балқаш ауда­ны­ның Қараой ауылынан Қап­ша­ғай қа­ласына көшіп келген екен.

– Жолдасым ерте қайтыс бол­ған соң тіршіліктің қамымен Қап­ша­ғайға көшіп келдім. «Ана көр­ген тон пішер» демекші, анам­нан көр­ген кәсіптің ар­қа­сында біреуден ілгері, біреу­ден кем түспей өмір ке­шіп жа­ты­­рмын, – дей­ді ісмер апай.

 Иә, қараойлықтарға көрпе тігу таңсық емес. Себебі, әр тү­тінде ісмер әйелдер кездеседі. Мә­­селен, Гүлнәрдің төрт абы­сы­­ны да тігін тігіп, ою оюдың ше­­бері.

Қап­ша­ғай­ға келгелі біреу­ден біреу естіп, Гүлнәрға тап­сырыс көптеп түсе бастаған. Осы уа­қытқа дейін жүзге жуық көр­­пе тігіпті. Көрпе болғанда қан­дай, қиюын келтіріп, өрнектеп, көбелек, то­тықұс, таң­қу­рай, күн сия­қ­ты көздің жау­ын алар су­рет­те­­рімен құл­пыр­­тып, тұ­ты­н­у­шыға ұсын­­ғанда, кім-кім­нің де жаны жа­дырап сала бе­реді.

– Мектеп бі­­тіргенімізге қы­рық жыл тол­­ғанда сы­нып­тастарым ма­ған тігін ма­шинасын сый­ла­ды. Одан бері үш жыл өтті, бірде-бір бұ­­зылған емес. Олар да ақ ниет­пен ұсынған шығар. Таңмен тала­са оянып, көрпе тігіп отырамын. Ме­нің көзімнің нұры, көңілімнің гүлі осы көр­пелер. Жұмысым жүрсе, жа­­­ным да рахат табады. Ашу­лан­сам да, қуансам да тігін маши­нам­ды қолға аламын, – дейді ол ағы­нан жарылып.

Гүлнәр қанша адамға қуа­ныш сый­лап, ұлттық дәстүрді, өнері­міз­ді жаңартып, жаң­ғыр­тып келеді. Тү­сінген жанға қол­дау табар ша­ғын кәсіпкерліктің көкесі осы емес пе? Бүгінгі жас отаулар ана­лар­дың ақ махаб­батымен сыйлайтын сыр­мақ, түскиіз, құрақ көр­пе­лер­дің қа­діріне жету үшін де Гүлнәр се­кілді шебер аналардың орта­мыз­да жүргені қандай бақыт.

Мақпал МЫСА

Қапшағай қаласы.