Жетісу облысында қаңтар оқиғасында Алматыдағы дүкеннен ұрланған қару табылды

Уақыты: 31.03.2023
Оқылды: 944
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған пневматикалық винтовкалар жасырылған орын табылды.

Бұл туралы 7-SU.KZ желілік басылымы polisia.kz дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Аталған дерек наурыздың 29 жұлдызында Кербұлақ ауданына қарасты аумақта тіркелді.

Белгілі болғандай, қару жасырылған орынды жергілікті тұрғындар «Қоғалы-Шаған» автожолының бойынан тапақ.Ізінше аудандық полицияға хабарлаған.

Нәтижесінде, 4,5 және 6 мм калибрлі BSA Ultra, Action sport games және BSA Us үш пневматикалық винтовка тәркіленді.

Тексеру барысында суық қару 2022 жылдың қаңтарында Алматының аңшылық дүкендерінің бірінде ұрланғаны анықталды.

Қазір факт бойынша жиналған материал тәркіленген мылтықтармен бірге аталған полиция бөлімшесіне жіберілді.

Фото: polisia.kz

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ