Алдағы 4 жылда 14 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Уақыты: 08.05.2023
Оқылды: 2859
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, 2027 жылға қарай әлемде негізінен жасанды интеллект (AI) есебінен 14 миллион жұмыс орны жойылуы мүмкін. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Жасанды интеллект адам еңбегін, тіпті бүкіл кәсіпті алмастыра алатыны ешкімге құпия емес. Чатбот дайын сценарий жаза алады.

AI өнертапқыштарының бірі осы технологияның арқасында өнімділікте немесе медицинада прогреске қол жеткізуге болады деп санайды, бірақ сонымен бірге жасанды интеллект адам мүмкіндіктерінен асып түсетінін ескертеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Фото: new-retail.ru