Ескеріңіз. Министр оқушылардан кітап жинап жатқан мектептерге ескерту жасады

Уақыты: 25.05.2023
Оқылды: 761
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылы аяқталмай жатып оқушылардың кітап өткізіп жатқанына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы El.kz ақпарат агенттігі дерегін қаз-қалпында бере отырып.

Нақты қай мектептің оқушылары кітап тапсырып, демалысқа ерте шығып жатқанын анықтау керек. Кейін ол мектепке қатысты шара қабылданады, - деді министр.

Дегенмен министр қандай шара қолданылатынын нақтылаған жоқ.

Фото: ашық дереккөзден