Қатты ыстық. Бүгінгі ауа райы болжамы

Уақыты: 09.06.2023
Оқылды: 808
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 «Қазгидромет» РМК-сы маусымның 9-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР-ның басым бөлігінде күн құбылып тұрады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшейіп, солтүстікте, орталықта бұршақ жауып, дауыл тұрады, солтүстікте, оңтүстікте, орталықта шаңды дауыл тұрады.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Жетісу облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Ұлытау облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Фото: көрнекілік үшін