Бірлескен іс жемісті болмақ

Уақыты: 29.05.2016
Оқылды: 1406
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Атқарар жұмыс­тар­дың бір арнада тоғысуын тікелей қадағалайтын «Елім-ай» қоғамдық қорының басшысы, қоғам­дық кеңестің төрағасы Әлихан Тойбаев барлық аудан, қала және облыстық қоғамдық кеңес бас­шыларының басын қосып, Тіл сарайында жиын өткізді.

Жалпы, бір қарағанда құрылған қоғамдық кеңестің жұмысы жеңіл-желпі болып көрінгенімен астарына үңілетін болсаңыз біраз төгілген маңдай терді көресіз. Қысқасы, қоғамдық кеңестiң басты мақсаты – аймақтың басқару iсiне атсалысу. Бұл билiк пен қоғамның әрiптестiк байланысын нығайтады. Заңға сәйкес кеңес құрамының үштен екiсi жұртшылық арасынан таңдалуы тиiс. Яғни, қоғамдық кеңес аясында жергiлiктi тұрғындардың қатысуымен көптеген мәселелер шешiмiн табады. Бұл дегеніміз қоғам мен билік арасын жақындату. Олай болса, қоғамда орын алған түрлі жағдайларды бірауыздан келісе отырып шешу де осы ұйымдардың қолында.

 Ақпан айынан бастап өз жұмысына кіріскен ұйым облыстық мәслихат шешімімен қоғамдық кеңестің ереже­сімен бірге алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарын бекіткен. Негізгі жоспар бойынша қоғамдық тыңдау оты­ры­сының күн тәртібінде азаматтардың құқықтарына, бос­тандықтары мен міндеттеріне қатысты бірнеше аудан­дағы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары талқыланды. Сондай-ақ, кеңес мүшелері бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңадан енгізілген заң аясында бірлесе жұмыс жасау туралы ойларын ортаға салды.

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА