Жауапкершілігі зор міндет

Уақыты: 29.05.2016
Оқылды: 1755
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

Қазақстан Рес­публи­ка­сы­ның Мемлекеттік қыз­­мет іс­тері министрлігі Алматы об­лы­сы бойынша департа­мен­тінің «Мем­лекеттік аппаратты кәсі­би­лендіру – бұл мем­ле­кет­тің тұрақты дамуының негізі» атты кездесуде мем­лекеттік қызмет жө­нінде әңгіме өрбіді. Мұн­­дай кездесу Сарқан ауда­нынан басталған. Енді об­лыс орталығына Талды­қор­ған, Те­келі қалалары мен Ескелді жә­не Көксу аудандарының мем­­­ле­кет­тік қызмет­кер­лері­мен бірге өткізілді.  

Жалпы, Елбасының Ұлт жоспары – бес инс­ти­ту­цио­нал­дық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның «Кәсіби мем­ле­кет­тік аппарат құру» яғни, І бағы­тының жү­зеге асырылуы ая­сын­да үсті­міз­дегі жылдың қаң­тар айын­да жаңадан бекітілген заң­дарды, қызметтік әдеп ере­желерін және мемлекеттік қыз­­мет көрсетудің барлық жо­лын Мемлекеттік қыз­­мет істері ми­нистрлігінің об­лыс бойын­ша депар­та­мен­тінің басшысы Се­рік­бай Нұр­ғи­саев жан-жақты тү­сіндірді. Оның айтуын­ша, алғашқы он бес қа­дам бойын­ша әрбір аудан, ауыл­­­­­­дық округ деңгейінде түсіндіру жұмыс­тары қолға алынды. «Мұн­­да көрсетіл­ген әрбір та­лап­тар мен тап­сырмаларды орын­дау, олар­ды жүзеге асы­рып, нәтиже шы­ғаруды Мем­лекет бас­шысы ті­келей бізге, яғни мем­лекеттік қыз­меткер­лер­ге тапсырды. Сон­­­­дық­тан бе­­кітілген тап­сыр­маны жо­ға­ры деңгейде орын­­дап шы­ғу әрбір адамның аза­маттық парызы. Ал, мем­ле­кет­тік қызметке келген ма­ман өз ісін ең төменгі дең­гейден бас­тайды. Атқарған ісіне қарап өсу деңгейі анықталатын бола­ды», – деп ойын қоры­тын­ды­лады Серікбай Нұрғисаев. Со­нымен қатар, Мемлекеттік қыз­метке жұмысшы енді тек тө­мен­гі лауазымнан бас­тап қа­был­­­данады. Ал жас ма­ман­дар­дың сынақ­тан өту мерзімі үш айдан алты айға дейін ұзар­ты­лып, қасына тәлімгер бе­кіту заңдастырылды. Со­ны­мен қа­тар, 2017 жылдан бастап қыз­мет­кердің еңбек­ақысы балдық көрсеткіш бойынша төленіп, қыз­мет­кердің еңбекқорлығы мен жауапкершілігіне баса на­зар аударылатын болады. Яғни, әр­кімді еңбегіне қа­рай ба­ғалай­тын, әділетті­лік­ке ба­ғыт­­талған мери­то­кра­тиялық қо­ғамды жа­сау көз­­деледі. Жаңа заңның бас­­­ты мақсаты – мем­лекет­тік қыз­меткерлердің ара­сы­нан білікті де іскер, бас­қа­ру қабілеті жо­ғары, бі­лім­ді ма­ман­ды таңдап, кә­сіби мем­лекеттік аппарат құру.

Кейінгі жылдары сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы жо­ғары деңгейде жүзеге асып келгенімен, нәти­же көз қуантарлық емес. Мен­мұн­да­лап тұрған жегі­құрт­тар­мен кү­р­есу де оңайға ти­мей отыр. Сондықтан атал­ған дерт­ке бір­лесе қарсы тұруымыз қажет. Са­ла ма­мандары атал­ған тақы­рып­ты таса қалдыр­ма­ды. Олар де­рек пен дәйекті ұш­тас­тыра оты­рып, көпшілік ал­дында баян­дама жасады. Біраз дүние ортаға са­лын­ды. Де­ген­мен, айтылған сөз сол орында қалып қой­маса игі еді.

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА