Облыс әкімі құттықтады

Уақыты: 11.08.2016
Оқылды: 1250
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

9 тамыз күні Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ауыр атлетика бойынша 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Карина Горичева қоссайыс қорытындысында 243 келі салмақты бағындырып, қола медаль иеленген болатын. Бұл Қазақстан қоржынына түскен  төртінші медаль!

Каринаны осы жеңісімен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, арнайы жеделхат жолдады.

«Барша қазақстандықтармен бірге жетісулықтар да сіздің шаршы алаңға шыққан сәттеріңізді қалт жібермей, қадағалап отырды. Біздің үмітіміз ақталды, қазақстандық ауыр атлеттердің әлемнің ең үздік спортшылары қатарын­да екенін дәлелдеп, жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, еліміздің абыройын асқақтаттыңыз. Бұл жеңіс – күн сайынғы жаттығуда төгілген тердің, жаттықтыру­шылардың табанды еңбегінің өтеуі, жалынды жігер мен қайсар мінездің, жанкүйерлердің қызу қолдауының нәтижесі. Бұл жеңіс сіздің спорттық сапарыңыздағы толайым табыстардың басы ғана деп білеміз», – делінген жеделхатта.

Облыс басшысы А. Баталов Карина Горичеваға және ауыр атлеттер командасына Олимпиададағы жеңісті жолдың жалғаса беруіне тілектестігін білдірді.

 

Алматы облысы әкімінің

баспасөз қызметі.