ҚҰРЫШ ҚОЛДЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Уақыты: 13.08.2016
Оқылды: 1866
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Соңғы жылдары көз тартатын әсем ғимарат­тар мен сәулетті сарай­лардың, көпқабатты тұрғын үйлер мен өнер­кәсіптік кешендердің көптеп салына баста­ғанына куә болып жүр­міз. Әрине, сәулеті жарасқан мұндай ны­сан­дардың кім-кімнің болса да таңдайын қаққызып, қызығу­шылығын тудыратыны анық. Жетісу өлкесінде де жаңа заман тала­бына сай бой көтеріп жатқан ғимараттар аз емес. Осының бәрі жаздың аптап ыстығы мен қыстың қаһарлы суығына қарамастан еңбектеніп жатқан құрыш қолды құры­лысшылар еңбегінің нәтижесі екені анық. Сондықтан олар қашан­да сый-құрметке лайық.

Тамылжыған тамыз айы­ның орта шенінде тойланатын сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл да жарасымды жалғасын тауып, өз дәре­же­сін­де аталып өтті. Құры­лыс­­шы­лар күні қарсаңында об­лыс әкімдігінде ұйым­дас­ты­рылған мерекелік бас­қосу­да сала үз­дік­теріне барынша сый-құр­мет көрсетіліп, еңбек­те­рі ла­йық­ты бағаланды. Сал­та­натты жиын­да сөз алған об­лыс әкі­мінің орынбасары Ғалымжан ӘБ­ДІ­РАЙЫ­МОВ:

Сіздерді алда келе жат­қан кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жиынды атқарылған жұ­мыс­тың маңызы мен мән­ділігін сезінуге себеп болатын басқосу деп білемін. Бұл күнді облы­сымыз құрылыс сала­сын­дағы жоғары жетіс­тік­термен қар­сы алуда. Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев өт­кен жылғы 30 қарашадағы «Қазақ­стан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, рефор­малар, даму» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында айт­қан­дай: Біздің халқымыз ешқашан бү­гін­гідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру оша­ғын салдық. Олардың бәрі ең соңғы үлгідегі құралдармен жаб­дықталды. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқ­ты ұлы құндылықтар ғана мәң­гі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе ала­тын бөгеттер. Көл­денең шық­қан кедергілерге кідірмей, дамы­ған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәң­гілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбі­ретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдын­да жүзіміз жарқын! Біздің тіре­гіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақ­тылық, білегіміз – бірлік.

Келесі кезекте облыстық құрылыс басқармасының бас­шысы Темірлан Бектасов құ­ры­­лыс саласы  қызмет­кер­лерін кәсіби мерекелерімен құттық­тап, осы бойынша атқа­рылып жатқан жұмыстар мен жеткен жетістіктерге көңіл аударды. Сондай-ақ, жыл өт­кен сайын қалалар келбетінің таны­мас­тай өзгеріп, көз тар­тарлық әсем ғимараттар мен сәулеті жарасқан кешен­дер­мен толыға түскенін әңгі­меледі.

Сала бойынша Жеті­су өңірінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға жинал­ған­дардың назарын аударды. Құры­лыс саласының жыл өткен сайын қарыштап да­мып, игілігі мол істің әлі де тоқтаусыз жал­ғасатынын жеткізді. Үкімет тарапынан бөлініп жатқан қо­мақ­ты қа­ра­жаттың мақсатты жұмса­лып, көптеген әлеуметтік нысандар мен зәулім ғима­раттардың, тұрғын үйлердің бой көтеріп, ел игілігіне беріліп жатқандығына ден қойды

Ел­дегі құрылыс ісін да­мы­тып, өңірлердің әлеу­меттік-эконо­микалық әлеуе­тін көте­руге ықпал етіп жат­қан Елбасы Нұрсұл­тан Назар­баевтың «Нұр­лы жол – 2020», «Өңір­лерді дамыту – 2020», «Қол­жетімді баспана – 2020» сияқты бағдар­ламаларының ма­ңыз­дылығын тілге тиек етіп, ел дамуына үлес қосып жатқан әріптестерін кәсіби мереке­лерімен құт­тық­тады.

Көңіл өсіретін жақсы пікір­ге Қазақстан Республикасы және Орталық Азия Құры­лысшылар одағының вице-президенті Аманжол Шорма­қов, тағы басқа да азаматтар қосылып, әріптестеріне алғыс­тарын білдірді.

Бұдан соң құрылыс нысан­дарында өз қолтаңбаларын қалдырып, жемісті еңбек етіп жүрген бір топ құрылысшының есімдері аталып, Қазақстан Республикасы Ұлттық эконо­мика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері коми­тетінің «Құрметті құрылыс­шы», «Құрметті сәулетші» төс­бел­гісін омырауларына қадап, «Алғыс хатпен» марапатталды. Мәселен, «Асан М Компани» ЖШС басшысы Жақсылық Ма­ку­лов, Көксу аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбеков, Панфилов аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Марат Жүнісов, «Жөндеу құры­лыс» ЖШС ұстасы Тілеу Кө­шек­баев, «Құрылысшы ТБС» ЖШС прорабы Ертай Бай­дау­летовтерге  «Құрметті құры­лыс­­шы» деген атақ берілді.

Ал «Урбостиль» ЖШС жо­ба­ларының бас инженері Татья­на Ковалева, «Градо» жобалау фирмасы» ЖШС жо­ба­ларының бас сәулетшілері Сағындық Ауғанбай мен Ри­шад Ыб­райымов, «Казги­про­град» жо­ба­лау институты» ЖШС жо­ба­ларының бас сәулетшісі Людмила Кур­ганова және Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК филиа­лының сарап­шы­сы Татьяна Карабутқа «Құр­метті сәулет­ші» атағы бұйыр­ды.

Қазақстан Республикасы Орталық Азия және Құры­лысшылар одағы вице-прези­дентінің Құрмет грамота­сымен «Альтаир» өндірістік кооперативінің басшысы Сейт­­хан Қырқынбаев, Талды­қорған қалалық құрылыс бөлі­мінің басшысы Әсет Шаях­метов, Еңбекшіқазақ аудан­дық құрылыс бөлімінің бас­шысы Әділжан Смағұлов, «ДорТехМонтаж» ЖШС бас­шысы Виталий Гринченко, Жамбыл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Марат Әкеғұлов, «New Construction» ЖШС басшысы Ринат Рыс­құлов, Қарасай аудандық құ­ры­лыс бөлімінің басшысы Мұрат Анарқұлов марапат­талды.

Ал Алматы облысы бо­йын­ша «Мемсараптама» РМК филиалының сарапшысы Оль­га Сосина, Владимир Ува­ров, тағы басқаларына Қазақ­станның Құрылысшылар қа­уым­дастығының Құрмет гра­мотасы тапсырылды. Сол сияқты бірқатар азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары та­бысталды.

 

Айгүл Байбосынова