САҢЛАҚТАРЫМЫЗ АЙДЫ АСПАНҒА ШЫҒАРДЫ

Уақыты: 13.08.2016
Оқылды: 1543
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Соңғы жылдары көз тартатын әсем ғимарат­тар мен сәулетті сарай­лардың, көпқабатты тұрғын үйлер мен өнер­кәсіптік кешендердің көптеп салына баста­ғанына куә болып жүр­міз. Әрине, сәулеті жарасқан мұндай ны­сан­дардың кім-кімнің болса да таңдайын қаққызып, қызығу­шылығын тудыратыны анық. Жетісу өлкесінде де жаңа заман тала­бына сай бой көтеріп жатқан ғимараттар аз емес. Осының бәрі жаздың аптап ыстығы мен қыстың қаһарлы суығына қарамастан еңбектеніп жатқан құрыш қолды құры­лысшылар еңбегінің нәтижесі екені анық. Сондықтан олар қашан­да сый-құрметке лайық.

Тамылжыған тамыз айы­ның орта шенінде тойланатын сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл да жарасымды жалғасын тауып, өз дәре­же­сін­де аталып өтті. Құры­лыс­­шы­лар күні қарсаңында об­лыс әкімдігінде ұйым­дас­ты­рылған мерекелік бас­қосу­да сала үз­дік­теріне барынша сый-құр­мет көрсетіліп, еңбек­те­рі ла­йық­ты бағаланды. Сал­та­натты жиын­да сөз алған об­лыс әкі­мінің орынбасары Ғалымжан ӘБ­ДІ­РАЙЫ­МОВ:

Сіздерді алда келе жат­қан кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жиынды атқарылған жұ­мыс­тың маңызы мен мән­ділігін сезінуге себеп болатын басқосу деп білемін. Бұл күнді облы­сымыз құрылыс сала­сын­дағы жоғары жетіс­тік­термен қар­сы алуда. Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев өт­кен жылғы 30 қарашадағы «Қазақ­стан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, рефор­малар, даму» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында айт­қан­дай: Біздің халқымыз ешқашан бү­гін­гідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру оша­ғын салдық. Олардың бәрі ең соңғы үлгідегі құралдармен жаб­дықталды. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқ­ты ұлы құндылықтар ғана мәң­гі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе ала­тын бөгеттер. Көл­денең шық­қан кедергілерге кідірмей, дамы­ған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәң­гілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбі­ретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдын­да жүзіміз жарқын! Біздің тіре­гіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақ­тылық, білегіміз – бірлік.

Келесі кезекте облыстық құрылыс басқармасының бас­шысы Темірлан Бектасов құ­ры­­лыс саласы  қызмет­кер­лерін кәсіби мерекелерімен құттық­тап, осы бойынша атқа­рылып жатқан жұмыстар мен жеткен жетістіктерге көңіл аударды. Сондай-ақ, жыл өт­кен сайын қалалар келбетінің таны­мас­тай өзгеріп, көз тар­тарлық әсем ғимараттар мен сәулеті жарасқан кешен­дер­мен толыға түскенін әңгі­меледі.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ