Көкше теңіз кереметі

Уақыты: 20.08.2016
Оқылды: 3492
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақ даласы әлмисақтан ғажайыптарға толы. Қойнауы құт, құшағы дарқан. Қай түкпіріне тартып берсеңіз де алдыңыздан бір аңызға, бір емес-ау, мың аңызға жүк болатын ғаламат көріністер табылады. Содан кейін де ұлан-ғайыр Ұлы Даланың ұлтарақтай мүйісі де алтыннан қымбат бізге. Түптеп келгенде төрткіл дүниенің төбеге көтерген жеті кереметі де қазаққа сондай таңдай қақтыра алмасы анық. Сол үшін де бұл даланың баба тарихындағы бұлың-бұлың бұлтарысы мен қалың-қалың қалтарысын, бір сөзбен айтқанда сынық сүйеміне дейін сүйініп жырлау, сүйсініп айту – біздің борышымыз-ақ.

Балқаш көлі. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде орналасқан көл. Балығы тайдай тулап, бақасы қойдай шулаған Еділдей құйқалы жерден. Бір бойына бірнеше аңыз бүгіп жатқан ұлы айдын. Тіпті, оны бағзыда көл емес, теңіз деп тәпсірлепті. Мәселен, ежелгі қытайлықтар бұл шалқарды Си-Хай деп атапты. Ондағы мәніс – Балқаш көлін «Батыс теңіз» атаған түрі. Ал тарихтан түріктер мен моңғолдардың өздерінің батысындағы жердің бәрін ақ түспен белгілегені белгілі. Соның есебінен болар, олар бұл көлге «Ақ теңіз» деген ат берген. Ал оның біз үшін «Ақ» болғаны бір басқа да, «теңіз» болғаны бір басқа дүние. Сонымен, әңгіменің әлқиссасын Балқаш көлінің әуелде теңіз болғаны туралы деректерден бастағанды хош көрдік.

Әлқисса. Бұл көл туралы көлемді зерттеу еңбектері ал­ғаш ХІІІ ғасырда жарыққа шы­ға бастады. Сол кезеңде әйгілі тарихшы ғалымдар В. Рубрук, П. Карпинилер құнды мәліметтер жазып қалдырды. Содан соң бұл үрдісті орыс тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы жалғастырады. Ол уақытта картограф «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсетеді. Ол ол ма, тұтас Жоңғардың картасын жасаған швед картографы Иоганн Ренаттың карталары да Ремезов сызған теңіз пошымнан алшақ кетпепті. Бұл осымен тұра тұрсын.

Бергі дәуірге жүгінгелік. Осы кезеңде қазақ тарихын жоңғарсыз елестету мүмкін болмаса керек. Оның ішінде «Жоңғар қақпасы» атанған Алакөл тұсы мен Алатау бауыры, яки, тұтас Жетісу өңірі жаудың көзқұртына айналды. Осы барыста олар белгілі дәрежеде біздің жер атаулары – топонимдерге де өз «үлес­терін» қосудай-ақ қосты. Мұны ешкім жоққа шығармасы анық. Басқасын санамалап қайтейік: әуелгі тақырыбымызға орай Балқашқа қатыстысын ғана айталық. Тарихшылар сол замандарда «Балқаш-нор» сөзі жоңғарлардың аузында жиі айтылған деседі. Мұндайда «Балқаш» десе, бар ынтаңыз сол лепеске құлайтыны рас. Ал «Нор» сөзі ше? Осы туралы тіл мамандарынан сұрап көргенімізде, бұл сөз жоңғар тілінен аударылғанда көлден гөрі айдынды теңіз мағынасына көбірек жуықтайды дейді.

Енді қазақ ұғымындағы «балқаш» сөзінің астарына үңіліп көрелік. Мүбәдә, біреу «Мынау бір балқаш екен» десе, бұл оның сол аумақты ұлы айдын, кең алап екен деп сүйіне сипаттағаны болса, «балқаштап жатыр» деп телегейлікті, молдықты білдірген. Бұл ретте осы білгенімізді «білмеген тоқсан тоғыздың» есебімен олқы санап, әдейі «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» үңілуді жөн көрдік. Онда аталған сөз «Шөбі шүйгін, сулы, нулы жер» делініпті.

Осылай түрлі деректі үгіп отырғанда, бір ақпарат бізді елең еткізгені бар. Онда Сарыесік түбегі бөліп жатқан Балқаш көлінің шығыс жағын жайлаған жұрт оны «Жұмбақ көл» десе, тиісінше батыс жағын мекен еткендер бұл айдынды «Ақ теңіз» деп атайтыны айтылыпты.

Әрине, біздің әуелгі мақсат – ұзақ уақыт бойғы күрделі өзгерістерден соң біржола қалыптасқан «Балқаш көлі» атауын теріске шығару емес. Керісінше, оқырманға қал-қадірімізше толымды ақпарат ұсынудың амалы болғандықтан, осы бір «көл», «теңіз» атауларына байланысты байламды тағы, оқырман, сіздің еншіңізге қалдырмақпыз. Ал біз алда осы көлдің ел арасында «Жұмбақ көл» және «Ақ теңіз» болып аталып кетуіне қатысты бірер жайттың басын ашып айтпақпыз.

XVII ғасырдың басында бел­гілі ғалым және саяхатшы Лев Семенович Берг Балқашты зерттеуге кіріседі. Оған себеп, көрген адамдардың көлдің суы тұщы екендігі туралы әңгімесі-тын. Ғалым үшін булану көлемі жауын-шашын мөлшерінен әлденеше есе асып түсетін шөл далада, қалай болған күнде де көл суы тұзды болуы тиіс еді. Сөйтіп, 1903 жылы С. Берг Балқаш көліне экспедиция ұйым­дастырды. Онда да елдің айтқанына сене алмаған саяхатшы үлкен қайыққа тұщы су толтырылған көптеген бөшкелер тиеп алып, Іле өзені бойымен төмен қарай ұзақ жүзіпті. Ал олар көлге келіп тірелгенде, шын мәнінде де, ауызсу құйылған бөшкелердің түкке де қажеті жоқ болып шығады. Осылайша, Л. С. Берг­тің экспедициясы қайда барса да көлдің суы тұщы бола беріпті. Сонда ғой ғалымның: “Балқаш айтылып жүрген басым пікірлерге қарамастан, тұщы көл болып шықты. Бұл көлді түгел жағалап шыққан топографтар да осы пікірді қуаттайды. Бұл факт ерекше назар аударуға лайық. Құрғақ континентальдық климатты өлке, жылына 200 миллиметрге жетер-жетпес жауын-шашын бар шөл даланың кіндігінде тұрған ағынсыз тұщы көл – мұнда географиялық ғажайып бір құбылыс бар”, – деп Балқаш көлі жағасында айран-асыр күйде қалғаны.

Міне, содан бері Балқаш көлін зерттеу әліге толас тап­қан жоқ. Біреулер бұл Лев Семенович айтқан «Ғажайып құбылысты» көлдің жалпы беттік таяздығына байланыс­ты жорамалдаса (Оның тереңдігі батыс жағында 6-12 метрді құраса, бұл көрсеткіш шығыс жағында 15-26 метрге артады), енді біреулері мұны көлге құятын өзендердің бағытымен байланыс­тырып келді. Біздіңше, соңғы пікір көңілге қонымды көрінеді. Өйткені, аталмыш көлге құятын Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі сияқты көптеген өзендердің барлығы батыс, оңтүстік жағын ала құятындықтан бұл бөлікте тұрақты ағыс қалыптасқан. Сондықтан су құрамындағы қатты тұздар, түрлі минералдық заттар шығыс бөлігіне көптеп шоғырланады деуге болады. Ал шығыс бөлігіндегі Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты сияқты тағы басқа өзендер әдетте көлге жетпей сарқылатындықтан, бұл бағытта ондай ағыс жоқтың қасы деуге болады. Осы себепті де батыс бөлігінің суы тұщы, түсі сарғылт-сары, лайлы келсе, Шығыс бөлігінің суы тұздылау, түсі көгілдір, ашық көк болып түзіледі. Сіздіңше де теледидардан көріп жүрген Гибралтар бұғазындағы алхея ағысы осыған ұқсас құбылыс болуы тиіс. Ғажап емес пе?

Балқаш – данагөй қазақ­тың «Алтын көрсең белден қаз» қалпымен аршып берсең, таусылмайтын ғажайыптар мекені секілді. Сірә, Бетпақдаламен шектесіп, сары арқаға арқасын төсеген ұлы көлдің ұлылығы да сонда болса керек. Енді бір ауық осы далада айтылған аңыздарға құлақ түрелік. Төкен Ахметовтың баян етуіне орай құрастырылған «Қасқакөл – Балқаш» атты кітапта бұл аңыздың үш түрі айтылыпты. Онда бұл өңірде бір байдың ай мен күндей Балқия атты қызы болғанын, ол қызды әке-шешесінен асып ел мен жұрттың жақсы көргені сондай, «Балқияжан» дей жүріп, «Балқаш» атап кеткені айтылады. Сол Балқия ару бойжеткенде әкесі оны бесігінде атастырылып қойған байдың сақау ұлына бермек болады. Бұдан соңғы оқиға Балқияның өз теңі Ерден деген жігітпен сөз байласып, қашып шығуымен шиленіседі. Тоқетерін айтқанда, ақыр соңы екеуі де махаббат жолында мерт болады. Сол себепті де осы көлдің бойын мекен еткен жұрт содан бастап бұл көлді «Махаббат көлі» деп танып, оның атын Балқия арудың атымен Балқаш атап кеткен деседі. Балқаш көлі. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде орналасқан көл. Балығы тайдай тулап, бақасы қойдай шулаған Еділдей құйқалы жерден. Бір бойына бірнеше аңыз бүгіп жатқан ұлы айдын. Тіпті, оны бағзыда көл емес, теңіз деп тәпсірлепті. Мәселен, ежелгі қытайлықтар бұл шалқарды Си-Хай деп атапты. Ондағы мәніс – Балқаш көлін «Батыс теңіз» атаған түрі. Ал тарихтан түріктер мен моңғолдардың өздерінің батысындағы жердің бәрін ақ түспен белгілегені белгілі. Соның есебінен болар, олар бұл көлге «Ақ теңіз» деген ат берген. Ал оның біз үшін «Ақ» болғаны бір басқа да, «теңіз» болғаны бір басқа дүние. Сонымен, әңгіменің әлқиссасын Балқаш көлінің әуелде теңіз болғаны туралы деректерден бастағанды хош көрдік.

Әлқисса. Бұл көл туралы көлемді зерттеу еңбектері ал­ғаш ХІІІ ғасырда жарыққа шы­ға бастады. Сол кезеңде әйгілі тарихшы ғалымдар В. Рубрук, П. Карпинилер құнды мәліметтер жазып қалдырды. Содан соң бұл үрдісті орыс тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы жалғастырады. Ол уақытта картограф «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсетеді. Ол ол ма, тұтас Жоңғардың картасын жасаған швед картографы Иоганн Ренаттың карталары да Ремезов сызған теңіз пошымнан алшақ кетпепті. Бұл осымен тұра тұрсын.

Бергі дәуірге жүгінгелік. Осы кезеңде қазақ тарихын жоңғарсыз елестету мүмкін болмаса керек. Оның ішінде «Жоңғар қақпасы» атанған Алакөл тұсы мен Алатау бауыры, яки, тұтас Жетісу өңірі жаудың көзқұртына айналды. Осы барыста олар белгілі дәрежеде біздің жер атаулары – топонимдерге де өз «үлес­терін» қосудай-ақ қосты. Мұны ешкім жоққа шығармасы анық. Басқасын санамалап қайтейік: әуелгі тақырыбымызға орай Балқашқа қатыстысын ғана айталық. Тарихшылар сол замандарда «Балқаш-нор» сөзі жоңғарлардың аузында жиі айтылған деседі. Мұндайда «Балқаш» десе, бар ынтаңыз сол лепеске құлайтыны рас. Ал «Нор» сөзі ше? Осы туралы тіл мамандарынан сұрап көргенімізде, бұл сөз жоңғар тілінен аударылғанда көлден гөрі айдынды теңіз мағынасына көбірек жуықтайды дейді.

Енді қазақ ұғымындағы «балқаш» сөзінің астарына үңіліп көрелік. Мүбәдә, біреу «Мынау бір балқаш екен» десе, бұл оның сол аумақты ұлы айдын, кең алап екен деп сүйіне сипаттағаны болса, «балқаштап жатыр» деп телегейлікті, молдықты білдірген. Бұл ретте осы білгенімізді «білмеген тоқсан тоғыздың» есебімен олқы санап, әдейі «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» үңілуді жөн көрдік. Онда аталған сөз «Шөбі шүйгін, сулы, нулы жер» делініпті.

Осылай түрлі деректі үгіп отырғанда, бір ақпарат бізді елең еткізгені бар. Онда Сарыесік түбегі бөліп жатқан Балқаш көлінің шығыс жағын жайлаған жұрт оны «Жұмбақ көл» десе, тиісінше батыс жағын мекен еткендер бұл айдынды «Ақ теңіз» деп атайтыны айтылыпты.

Әрине, біздің әуелгі мақсат – ұзақ уақыт бойғы күрделі өзгерістерден соң біржола қалыптасқан «Балқаш көлі» атауын теріске шығару емес. Керісінше, оқырманға қал-қадірімізше толымды ақпарат ұсынудың амалы болғандықтан, осы бір «көл», «теңіз» атауларына байланысты байламды тағы, оқырман, сіздің еншіңізге қалдырмақпыз. Ал біз алда осы көлдің ел арасында «Жұмбақ көл» және «Ақ теңіз» болып аталып кетуіне қатысты бірер жайттың басын ашып айтпақпыз.

XVII ғасырдың басында бел­гілі ғалым және саяхатшы Лев Семенович Берг Балқашты зерттеуге кіріседі. Оған себеп, көрген адамдардың көлдің суы тұщы екендігі туралы әңгімесі-тын. Ғалым үшін булану көлемі жауын-шашын мөлшерінен әлденеше есе асып түсетін шөл далада, қалай болған күнде де көл суы тұзды болуы тиіс еді. Сөйтіп, 1903 жылы С. Берг Балқаш көліне экспедиция ұйым­дастырды. Онда да елдің айтқанына сене алмаған саяхатшы үлкен қайыққа тұщы су толтырылған көптеген бөшкелер тиеп алып, Іле өзені бойымен төмен қарай ұзақ жүзіпті. Ал олар көлге келіп тірелгенде, шын мәнінде де, ауызсу құйылған бөшкелердің түкке де қажеті жоқ болып шығады. Осылайша, Л. С. Берг­тің экспедициясы қайда барса да көлдің суы тұщы бола беріпті. Сонда ғой ғалымның: “Балқаш айтылып жүрген басым пікірлерге қарамастан, тұщы көл болып шықты. Бұл көлді түгел жағалап шыққан топографтар да осы пікірді қуаттайды. Бұл факт ерекше назар аударуға лайық. Құрғақ континентальдық климатты өлке, жылына 200 миллиметрге жетер-жетпес жауын-шашын бар шөл даланың кіндігінде тұрған ағынсыз тұщы көл – мұнда географиялық ғажайып бір құбылыс бар”, – деп Балқаш көлі жағасында айран-асыр күйде қалғаны.

Міне, содан бері Балқаш көлін зерттеу әліге толас тап­қан жоқ. Біреулер бұл Лев Семенович айтқан «Ғажайып құбылысты» көлдің жалпы беттік таяздығына байланыс­ты жорамалдаса (Оның тереңдігі батыс жағында 6-12 метрді құраса, бұл көрсеткіш шығыс жағында 15-26 метрге артады), енді біреулері мұны көлге құятын өзендердің бағытымен байланыс­тырып келді. Біздіңше, соңғы пікір көңілге қонымды көрінеді. Өйткені, аталмыш көлге құятын Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі сияқты көптеген өзендердің барлығы батыс, оңтүстік жағын ала құятындықтан бұл бөлікте тұрақты ағыс қалыптасқан. Сондықтан су құрамындағы қатты тұздар, түрлі минералдық заттар шығыс бөлігіне көптеп шоғырланады деуге болады. Ал шығыс бөлігіндегі Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты сияқты тағы басқа өзендер әдетте көлге жетпей сарқылатындықтан, бұл бағытта ондай ағыс жоқтың қасы деуге болады. Осы себепті де батыс бөлігінің суы тұщы, түсі сарғылт-сары, лайлы келсе, Шығыс бөлігінің суы тұздылау, түсі көгілдір, ашық көк болып түзіледі. Сіздіңше де теледидардан көріп жүрген Гибралтар бұғазындағы алхея ағысы осыған ұқсас құбылыс болуы тиіс. Ғажап емес пе?

Балқаш – данагөй қазақ­тың «Алтын көрсең белден қаз» қалпымен аршып берсең, таусылмайтын ғажайыптар мекені секілді. Сірә, Бетпақдаламен шектесіп, сары арқаға арқасын төсеген ұлы көлдің ұлылығы да сонда болса керек. Енді бір ауық осы далада айтылған аңыздарға құлақ түрелік. Төкен Ахметовтың баян етуіне орай құрастырылған «Қасқакөл – Балқаш» атты кітапта бұл аңыздың үш түрі айтылыпты. Онда бұл өңірде бір байдың ай мен күндей Балқия атты қызы болғанын, ол қызды әке-шешесінен асып ел мен жұрттың жақсы көргені сондай, «Балқияжан» дей жүріп, «Балқаш» атап кеткені айтылады. Сол Балқия ару бойжеткенде әкесі оны бесігінде атастырылып қойған байдың сақау ұлына бермек болады. Бұдан соңғы оқиға Балқияның өз теңі Ерден деген жігітпен сөз байласып, қашып шығуымен шиленіседі. Тоқетерін айтқанда, ақыр соңы екеуі де махаббат жолында мерт болады. Сол себепті де осы көлдің бойын мекен еткен жұрт содан бастап бұл көлді «Махаббат көлі» деп танып, оның атын Балқия арудың атымен Балқаш атап кеткен деседі.

Қалай десеңіз де бұл көлде толағай тарих, бір бөлек қасиет бар. Арысы Асанқайғының пейілі түскен мекен. Киелі Бектауата шыңы айдынына телміріп жатқан аумақ екенін айтпағанның өзінде дәл мұнда Хан Кененің табаны тиген. Нақтырақ айтқанда, азаттық, бостандық жолында Алаш үшін барын салған Кенесары хан 1846 жылы Арқадан ығысып, Жетісу жеріне келгенде арқасын суытар мекен ғып, тиянақ етер түбек деп осы Балқаш көлі бойын таңдаған. Осыдан кейін тебіреніп Балқаш бармай көр. Ұлы Даламның жау­һары деп есіңе дәйім алмай көр?!

Қозыбай ҚҰРМАН