Табыстың кілті – татулық

Уақыты: 25.08.2016
Оқылды: 1602
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қастерлі Отанымыз Қазақ­стан өз тәуел­сіз­дігінің 25 жыл­дық жолында бірқатар белес­тер­ді бағын­ды­рып, толайым та­­быс­тар­ға қол жет­кізді. «Қа­зақ­стан – 2030» Стратегиясы мін­дет­те­рінің үдесінен шы­ғып, да­­мыған 50 елдің қа­та­рына ен­ді. Бұл же­тістіктерге елі­міз­дің бір­­лігі мен ішкі тұ­рақ­ты­лығы алтын арқау бол­ды. Бір­лік пен тыныштық болмай қан­дай да бір ал­­ға ба­су­шылық бол­­­май­тынын әлемде болып жат­­қан түр­­лі саяси оқи­ға­лар көр­сетіп отыр. Сондықтан біз­­дің елде құрылған дос­­тық инс­ти­тутының, яғни Қа­зақ­стан хал­­қы Ас­сам­блеясы (ҚХА) рө­лі­нің зор еке­нін қан­ша қайта­лап айтсақ та артық емес.     

Мемлекеттік ұлттық саясаттың не­гізінде сенім, салт-дәстүр және то­ле­ранттылық секілді асыл құн­ды­лықтар жатыр. Бүгін оны әрбір қазақ­стандық түсініп келеді. Тәуелсіздіктің 25-ші белесінде биылғы жылы Алғыс айту күнін алғаш атап өтуіміз де жай­дан-жай емес. Ең алдымен бұл бүгінгі күні Қазақстанда үйлесім мен өзара тү­сі­ніс­тік орнатқан, бірлік пен ынты­маққа негізделген президенттік сая­сат­тың жар­қын көрінісі.

Осы күн бізде, Президенттің туған өл­кесінде, еліміздің көп этносты өңі­рінде өз дең­гейінде аталып өтілді. Екі жүзден астам шара өткізіліп, оған 50 мыңдай тұрғын тар­тылды. Осы екі жүз шараның әрқайсысы жетісулық­тар­дың қоғамдық-саяси өміріне оң әсе­рін тигізді деп ойлаймын. Алғыс айту арқылы түсіністікті, сыйлас­тық­ты тереңдету, бір-біріне ризашылық білдіру арқылы риясыз көңілін ұсыну – бұл да біздің бейбітсүйгіш халқы­мыз­дың тыныштығын бекемдей түсе­тін жол. Қазірдің өзінде Алғыс айту кү­ні кең қанат жайып, халықтың сал­тына сіңісіп келеді.

Биылғы жылдың тағы бір ерекше маңызды оқиғасы – Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назар­баев­тың АҚШ-тағы Ядролық қауіп­сіз­дік туралы саммитке қатысуы болды. Бұл бас­таманы біз жаңа қадамы­мыз­ды нық жасауда бас­шылыққа алатын темірқазық ретінде қабыл­дадық. Ал ҚХА мүшелері Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» Манифесін жан-жақты қолдап, пікір білдірісті.

ҚХА жұмысында оның жанынан құ­рылған түрлі қоғамдық ұйымдар ерек­ше рөл атқарады. Бұл орайда ең алдымен ардагерлеріміз бен ұлт­тық саясатты қалыптастырудың басында тұр­ған бастамашылдар үлесінің зор бол­ғанын айта кету керек. Бұл жас ұр­пақты қазақстандық біртек­тілік ру­хын­да тәрбиелеуге үлкен үлес қосып ке­ле жатқан қозғаушы күш деуге бо­лады.

Сол қоғамдық ұйымдардың бірі, құ­рыл­ға­нына аз ғана уақыт болған Ана­лар кеңесі жас­тардың тәрбиесіне ат­са­лысып келеді. І. Жан­сүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік универси­те­тінің жанынан құрылған Ассамблея­ның ғы­лы­ми-сараптамалық тобы ау­қым­ды ғылыми тал­дау жұмыстарын атқаруда. ҚХА кафедрасы түр­лі өзекті мәселелер бойынша ғылыми зерт­теулер жасап, этника­ара­лық жағдайларға мони­то­ринг жасайды.

Жуырда медиация бағыты бойын­ша облыс­тық сот, «Нұр Отан» партия­сының филиалы және облыстық ҚХА ара­сында ынтымақтастық ту­ралы ме­мо­­рандумға қол қойылды. Достық үйін­де ме­диа­ция кабинеті ашылып, «сенім теле­фоны» жұмыс істейді. Дәл осындай кабинеттер облыс­тың барлық аудан, қалаларында бар.

Осыдан үш жыл бұрын ҚХА-ның жаңа мін­дет­теріне байланысты ел ау­мақтарында Қо­ғам­дық келісім кеңес­тері құрылып, оларға әкімдіктер жаны­нан консультативтік-кеңес беру мін­дет­терін орындау жүктелді. Бұл орайда об­лыста жүйелі жұмысты әрбір ауыл­ға дейін жеткізу көздел­ген. Жергі­лікті атқарушы органдар мен қоғамдық инс­титуттардың арасында өзара бай­ланысты же­тілдіру үшін бүгінгі күні об­лыста 252 Қоғам­дық ке­лісім кеңесі жұмыс істейді. Олар қоғамның өзін-өзі басқару салтын қалыптастыра отырып, аза­маттық белсенділікке ынта­лан­ды­ру­да, сөйтіп өзін еліміздің тұрақтылығы мен бірлігінің сенімді факторы ретінде орнықтырып үлгерді. Бұл ұйым жыл басынан бері тұрғындардың әлеуметтік мә­се­лелерін шешуге қатысты төрт жүз­ден астам отырыс өткізіпті. Қоғам­дық келісім кеңесінің «Ауы­лым – алтын бе­сігім» атты облыстық қо­ры­тын­ды фору­мы Алакөл, Қарасай, Панфилов, Іле және басқа да аудандардағы Кеңестер жұмы­сы­ның қаншалықты тиімді екенін көрсетіп берді.

Облыстық ҚХА басты бағыттары­ның бірі ретінде қайырымдылық шара­ла­рына зор мән беріп келеді. Мәселен, жыл басынан бері түрлі қайырымдылық шаралары нәтижесінде көмекке зәру 350 адамға 20 миллион теңге көле­мін­де кө­мек көрсетілген. Сондай-ақ, біз «Асыл Бала» рес­публикалық Қауым­дас­ты­­ғы­мен өзара әріптестік-ынтымақ­тас­тық туралы меморандумға қол қой­дық.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ар­нал­ған «Мәң­гілік Ел» пойызы» жалпы­рес­публикалық жобасы жылдың маңыз­ды оқиғаларының бірі болды. Ха­лық­тың мақсатты топтарымен түрлі ма­ман­дар кездесіп, жұмыс жүргізді. Ден­сау­лық сақтау, әлеу­меттік көмек пен өтем­ақы төлеу, аграрлық сала, құқықтық сипаттағы және басқа да мәселелер бойынша қажетті кеңестер берілді. Бұл шарада жал­пы саны бес мың адам тиіс­ті кеңес алды. Бұл облыстық ҚХА ат­қар­ған ауқымды істің бір бөлігі ғана.

Облыстық Ассамблея биылғы ша­ра­­ла­рының денін тәуелсіздіктің 25 жыл­­ды­ғының аясында өт­кізіп отыр. Жиыр­ма бес жыл – ширек ғасыр. Осы ширек ға­сыр шежіресі Ақсуда өткен «Тәуел­сіз ел­дің тарихы – Ұлы Дала пер­зенттері», Қап­ша­ғайдағы «Біз – Қазақстан халқы» об­лыстық фо­рум­­да­ры, «Балқар, күрд, ко­рей, татар мәде­ние­ті күн­дері», Славян жа­зуы мен мә­дениетінің күніне арқау бол­ды.

Биылғы жылы бұл қатарға тағы бір мазмұнды мереке қосылды. Талды­қорған қаласында ал­ғаш рет болгар хал­қы­ның Раушан фестивалі ұйым­дас­ты­рылды. Оған қоса «Таубұлақ» эколо­гия­лық лагерінің базасында ұлттық ойын­­дар фести­валі өт­кі­зілді. Бір мез­гіл­де жаппай «Мәңгілік ел – па­триот­­тық ак­тісі» тақырыбына диктант жазу шара­сы да қолға алынды. Мем­ле­кет­тік тіл­ді білуге қа­тысты емти­ханға түр­лі жас­­тағы 1800-ге жуық адам қа­тысты.

Өзі құрылғаннан бергі кезеңде ҚХА бір­ліктің насихатшысы болып қана қоймай, елдің эконо­микалық қуа­тын арттыруға белсене атсалысып ке­леді. Бұл туралы ҚХА-ның соңғы «Тәуел­сіздік. Ке­лісім. Болашағы бір ұлт» атты ХХІV сессия­сын­да да ай­ты­лып, оның соңы «Мәңгілік Ел» Патриот­тық актісін қабылдауға ұлас­қан болатын.

Елбасымыз «Мәңгілік Ел» Па­триот­­­тық актісі бойына халқымыз құр­­ған жалпыұлттық құнды­лық­тарды жинақтаған, Қазақстан мен оның да­му тағ­дыры үшін мемлекет – қоғам – азамат үштігінің өзара жауапкер­ші­лігін айқындаған құнды құжат екенін атап өткен еді.

Президент Бағдарламалары мен жос­парла­рының Алматы облысында да айқын көрініс тап­қанын айтуға болады. Мәселен, 2015 жылы біздің об­лыста жалпы өңірлік өнім 4,1%-ға өсіп, 2 трлн. 84 млрд. теңгені құраса, биылғы жылы 2% өсім қам­тамасыз етеміз деген жоспар бар. Әлеуметтік-экономикалық дамуымыздағы табыс­тың кілті – та­тулықта. «Қазақстан – 2050» Стратегиясындағы негізгі мін­дет те – осы.

Алматы облыстық ҚХА-ның көп­те­ген мүшесі бизнес құрылымдарын сауатты басқарып, облыс­тың қоғам­дық өміріне белсенді араласуда, оған қоса өздерінің азаматтық позиция­ла­рын білдіріп отырады. Жаңа жұмыс орындарын ашу, бар жұ­мыс орын­да­рын сақтап қалу, кадрларды қайта даяр­­лауға жағдай жасау, заманауи эко­номикалық және әлеуметтік жоба­лар­ды жүзеге асыру сондай бел­­сенді бизнес өкілдерінің қолында.

Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Оны жүзеге асыру қолымыздан келеді. Ең бастысы, өзара жауапкер­ші­лікті, қолдауды сезіну бізге күш-жігер береді. Аудан, қала әкімдері «Мәң­­­­гілік Ел» Патриоттық актісінің бірлік, бейбітшілік, келісім деген баға жетпес құндылығын әрбір шаңыраққа жеткізу үшін этномәдени бірлестік­тер­дің әлеуетін кеңінен пайдалануы керек. Осыған орай әрбір елді мекен­де Ассамблея аясында өткізілетін қайы­рымдылық шараларын үйлестіре отырып, әлеу­меттік бағыттағы жұ­мыс­тарды жандандыра түсу қажет. Сон­дай-ақ, алдымызда Қоғамдық ке­лі­сім кеңестерінің рөлін күшейту мін­деті тұр. Бұл жұ­мыс­тар қағаз жүзінде қалып қоймауы керек.

Сөзімнің соңында еліміздегі көп этносты ай­мақ ретінде Жетісу жерін­дегі облыстық Ас­сам­блея­ның маңызы ерекше екенін тағы бір ай­тып өткім келеді. Алматы облыстық Ассамблеясы бұ­­дан әрі де ел игілігі үшін тыныш­тық пен тату­лық жо­лында тер төгіп, өңіріміз өзара сыйлас­тық пен сенім­нің жарқын үлгісі бола береді деп сенемін.

Амандық Баталов,

Алматы облысының әкімі. Алматы облыстық

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.