Өркенді даму кепілі

Уақыты: 29.08.2016
Оқылды: 1237
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жақында Достық үйі – Қоғамдық келісім орталы­ғы­ның ұйым­­дастыруымен тәуелсіз­дік­тің 25 жылдығы ая­сында Конс­ти­туция кү­ніне арналған «Ата Заңым – ай­быным!» деген та­­қы­рыпта форум өтті. Оған «Ұлағат» ақ­­са­қал­дар кеңесі, «Бір­лік» жас­тар қауым­дас­ты­­ғы, «Па­расат» клубының мүшелері қа­тыс­ты. Жиынды орталық ди­ректоры Тәңір­бер­ген Қасым­бер­кебаев ашып, жүр­гізді.

Форумда Сарқан ауданы аналар кеңе­сінің төрағасы  Есбала  Сыдырбаева сөз сөй­леп, бақыт пен шаттықтың таласқан жер­­ге емес, жарасқан жерге баратынын айт­ты. – Біздің Ата Заңымыз да Қазақстан хал­қының саналы таң­дауы, өркенді да­муы­мыз­дың кепілі. Конституцияны  құр­мет­теу және сақтау арқылы  оның тарихы мен маңызын біле­міз. Ел құндылықтарын  құрметтеп, еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жет­кізе аламыз,– деді ол. Жиын барысында сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төр­аға­сы Ермек Келемсейіт  Конс­ти­туцияның маңыздылығы мен құндылығы жайын­да айтып, барша жиналған қауымды мерекемен  құттықтады.

Шара аясында «Мектепке жол» қайы­рым­ды­лық ак­ция­сы ұйымдастырылып, Дос­тық үйі және орыс, қытай эт­но­­мәдени орталықтары мүшелері әлеуметтік жағдайы тө­мен отбасыларының бала­ларына қамқор­лық танытып,  мек­тепке қажетті құрал-жаб­дық­тармен қамтамасыз етті. Ақ пейіл, ізгі ниет­тен туындаған сауапты іс көпшілік­тің көңі­­­лі­­нен шықты. Басқосу соңында ел бір­лігін сақ­тауға үлес қо­сып жүрген бір­қат­ар мекеме қыз­меткерлері мен бел­сенді аза­мат­тар Дос­тық үйі – Қоғамдық келісім орта­лы­ғы дирек­торының Алғыс хатымен мара­пат­талды.

Жақсы-жайсаңдардың басқосуы этномә­дени орталықтар көркемөнерпаздарының мерекеге арналған концерттік бағдарлама­сы­мен аяқталды.

              Гүлжан Мұқашқызы.