МІНДЕТ пен ПАРЫЗ

Уақыты: 05.09.2016
Оқылды: 1534
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекеттік қызметті абыроймен атқару, сапалы қызмет көрсету, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кез келген мемлекеттік қызметкердің міндеті мен парызы болып табылады.

Жоғарыда айтылған міндет­тер ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төр­ағасы Серікбай Нұрғисаев пен Әдеп жөніндегі уәкіл Талғат Өмір­әлиевтің облыстағы мемлекеттік қызметкерлерді онлайн қа­был­дауында жан-жақты қаралды.

Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің қысқа және ұзақмерзімді перспективаларын ғана біліп қой­май, қызметте тиісті түрде ілге­рілеу үшін өзінің қандай көрсет­кіштерге қол жеткізуі керек екен­дігін ұғынуы тиіс. Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» көрсе­тілген­дей, мемлекеттік қызметкерлер ең бірінші – халыққа мінсіз қызмет көрсетулері тиіс. Тіпті, олардың үстіне ілген киімінен сөйлеген сөзіне дейін мінсіз болуы керек. Ал олардың білімі мен біліктілігі бірінші сатыда тұруы қажет. Осын­дай жауапкершілікті зор міндет деп ұғынған мемлекеттік қызметкерлер толассыз бай­ла­нысқа шықты. Оларға Серікбай Өрікбайұлы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға мемлекеттік қызметке келген азаматтардың бейімделу үдерістерін реттейтін нормалар тұңғыш рет енгізілгенін айтып, Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабыл­данған адамдарға тәлімгерлерді бекіту қағидалары әзірленетінін жан-жақты түсіндірді. Қыз­мет­шілердің мемлекеттік қызметке жауапты және саналы қатынасын қалыптастыру, олардың мем­лекеттік функцияларды жүзеге асыру жағдайларына бейім­де­луіне көмек көрсету, кәсіби дайындау үдерістерін жедел­дету, қызметшілердің өзіне жүк­телген міндеттерін өз бетінше, сапалы және жауапты орындау қабілеттерін дамыту тәлім­гер­ліктің негізгі міндеттері екенін айтты.

Бірінші кезекте қыз­мет­кер­лердің қызметін бағалау, олар­дың еңбегін ынталандыру жүйе­сін және оны қолдану тәртібін әзірлеу, тағылымдамадан өт­кізу, тәлімгерлік жөніндегі мін­дет­тер ұсынылады. Бүгінгі таңда мем­лекеттік қызметшілердің қызмет сатысы бойынша әділ түрде өсуін қамтамасыз ететін толық­қанды тетіктің жұмыс іс­теуі үшін нормативтік-құқықтық база құ­ру­ға барлық қажетті шара қабылданған. Бай­ла­ныс­қа шық­қан әрбір мемлекеттік қыз­мет­кер көкейінде жүрген сұрақ­тарына тұшымды жауап алды. Алдағы уақытта мұндай шаралар көптеп ұйым­дас­тыры­латын бо­лады.

Еңлік КЕНЕБАЕВА