Жаңарған мектеп

Уақыты: 05.09.2016
Оқылды: 1644
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Білім күні еліміздегі барлық мектептің есігі айқара ашылды.
Оқу­шылар үш ай бойы алаңсыз тынығып, сағына күткен білім шаңы­ра­ғына оралып, тың күш-қуатпен оқуға ден қоймақ. Ауданы­мыз­дағы күрделі жөндеуден өтіп, сәні мен салтанаты астасқан І. Есен­­бер­лин атындағы орта мектебінің шәкірттері де алтын ұясына ке­ліп, ұстаздарымен қуана қауышты. Осынау шаттыққа толы күнде об­­­лыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, аудан әкімі Қайрат Бисембаев, Үштөбе қаласы әкімінің міндетін атқа­рушы Қуат Оң­­ғаров, аудандық білім бөлімінің басшысы Қайрат Қасымов ба­ла­лар қуанышына ортақтасты.

Білім күнінің салтанатты жиыны ел Тәулсіздігінің 25 жыл­дығына және Конс­ти­ту­ция күніне арналды. Бұл күні еліміздің барлық мектебінде алғашқы білім беру сабағы «Мен өз Отанымның патрио­ты­мын» тақырыбында өтті. Білім ордасына ата-аналары­мен бірге ере келген тұлым­шағы желбіреген кішкентай бүлдіршіндер ұстаздарына гүл сый­лап, қуанышқа бөледі. Елі­міз­дің Гимні асқақтата шыр­қа­лып, мектеп табалдырығын ат­та­ған балдырғандар Отан ал­дын­­дағы жауапкершілікті сезін­гендей күй кешті. Мектеп – ке­ме, білім – теңіз. Аса ыж­да­ғат­тылық пен еңбекті талап ететін білім нәрімен сусындауға шә­кірт­тердің құштарлықтары бай­қа­лып тұрды. ҚР мемлекеттік Туын алып жүру құрметі 11-сы­нып оқушысы, аудандық пән олимпиадаларының жеңімпазы Әди Шәріпқалиев, 9-сынып оқу­шылары Дариға Құрманғали және Ләззат Нұрмұхамбетоваға берілді. І. Есенберлин атындағы орта мектебінің директоры Наз­гүл Мұратбаева сөз алып, бала­ларды жаңа оқу жылымен құт­тық­тады. Биыл аталған мектеп­те 267 оқушы білім алатын бол­са, соның 37-сі білім шаңыра­ғы­ның табалдырығын жаңа ат­та­ған бүлдіршіндер.

Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров көпші­лік­ке кезінде 8 жылдық оқу ор­ны болған осы мектепте бала­лық шағы өткенін, жақсы білім алға­нын сағынышпен еске алып, кие­лі шаңырағында оқу­шылардың қуанышына ортақ­тасу зор мәр­тебе екенін жет­кізді.

Осыдан соң аудан әкімі Қай­­рат Бисембаев жаңарып, зам­а­науи құрал-жабдықтармен қам­тыл­ған мектепте оқушы­ларды жақ­сы білім алып, елі­міздің ай­тулы азаматты болып қалып­та­суларына тілектестік білдіріп, игі лебізін жолдады. 11-сынып оқушысы «Алтын бел­гіге» үміт­кер Махаббат Тәңір­бергенова мен 1-сынып оқушылары Ер­мұрат Жұмаш және Айша Ол­жас­қызы ал­ғаш­қы қоңырауды соғып, балалар мектепке асыға кіріп, жаңа пар­таларға жайғас­ты. Бұдан соң көпшілік мектеп ішін аралап, жаңарған әрі соңғы үлгідегі құ­рал-жабдықтармен қамта­ма­сыз етілген мектепке оң баға­сын берді.

Асхат Өмірбаев.

Қаратал ауданы.