БІЗ ЖАСТАРҒА СЕНЕМІЗ

Уақыты: 23.01.2019
Оқылды: 1456
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Елбасының «Бәсекеге қабілетті жастар – еліміздің болашағы» деп айтқанындай, жастарымыздың санының артуына наар аударып қана қоймай,  олардың білімді, жан-жақты болып қалыпстасуын да көңілден тысқары қалдырмауымыз керек. Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен   «Жастар жылының» салтанатты ашылу шарасында осыған аса мән берілді.

Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері және тағы басқа да санаттағы жастар өкілдері қатысқан жиында ел болашағына қызмет ететін, мемлекетіміздің мәртебесін арттыратын,  ұлтымыздың ұпайын түгендейтін жастар қатарының көп екеніне көз жеткізіп, тәубемізді айттық.

Біздің жастардың оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, тың машықтарды меңгеруге, жаңа  технологияны күнделікті өмірде шеберлікпен пайдалана алатындығына көзіміз жете түсті.  Енігі мақсат жоғары жетістіктерді бағындыруға ұмтылатын жас буынның талабын қайтармай, оларға тиісті барлық мүмкіндіктерді жасап, қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету. Жастар жылында ерекше көңіл бөлінетін бағыттардың қатарында  жас мамандарды тұрғын үймен және жұмыспен қамту сынды өзекті мәселелер тұр. Сонымен бірге технологияның дамыған дәуірінде адамның қол еңбегін технология атқаратын кезеңде, қызметтің жаңа түрін ойлап табу көзделеді. Осы орайда Президенттің тапсырмасымен «Бизнес - 2020» бағдарламасы бойынша  жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қаржы екі есе арттырылатыны барлығымызды қуантты.

Елімізді индустриялазациялауды одан ары табысты жалғастыруа жастарға зор үміт артылады. Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялайды. Алдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін әлемдік жаңа тұрақсыздыққа төтеп беретін сыни ойлауға машықтанған, креативті, білімді, әрі патриот жастарды қалыптастыруымыз  қажет.  

Венера ЕҢСЕЕВА, 
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің
 жалпы университеттік  әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтану магистрі.