ӘКІМ ЕСЕБІ: Амандық БАТАЛОВТЫҢ БАЯНДАМА ТЕЗИСТЕРІ

Уақыты: 08.02.2019
Оқылды: 2238
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

20 ақпанда сағат 10.00-де Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы драма театрында Алматы облысының әкiмi Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуi өтедi. 
Облыс әкiмiнің есеп беру кездесуінің тiкелей көрсетiлiмi, облыс тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын қабылдау облыс әкімдігінің www.zhetysu.gov.kz ресми интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған жәшік облыс әкімдігінің ғимаратында (Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38) орналасқан.

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін байқалуда.
Жалпы өңірлік өнім 3,5% өсіммен 2,7 трлн. теңгеден асты.
Өнеркәсіп өндірісі 884 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың деңгейіне 101,1%-ті құрады.
Өңдеуші өнеркәсіпте 762 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, оның жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 86,2%-ке жетті.
Қағаз бен қағаз өнімдерін шығару – 4,8%-ке, химия өнеркәсібінің өнімдері – 31,7%-ке, машина жасау – 20,8%-ке, электр жабдықтары – 20,8%-ке, дайын металл бұйымдары – 20,6%-ке, азық-түлік – 6,6%-ке, жиһаз – 41%-ке жетті. 
22 жүйе құраушы кәсіпорын 410 млрд. теңгенің өнімін шығарған. Бұл облыстың жалпы өнеркәсіп көлемінің 46,4%-і.
Барлығы 61 жаңа өндіріс іске қосылып, 27 істеп тұрғаны кеңейтілді,  1897 жұмыс орны құрылды.
Өңірлік Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша  575 жұмыс орны бар 3 өндіріс іске қосылды: Қапшағай қаласында азық-түлік шығаратын «Маревен Фуд Тянь-Шань» зауыты, Талғар ауданында лифт шығаратын және лифт жабдықтарын жаңғырту қызметтерін көрсететін «LGS Kazakhstan elevator Group» цехі, Қаратал ауданында керамзит шығаратын «As-Biba» зауыты. Барлығы 15,8 млрд. теңге игерілген.
Облыста жалпы көлемі 4192,5 гектарды құрайтын 6 индустриялық аймақты дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Талдықорған» индустриялық аймағының инфрақұрылымын салу жұмысы аяқталды, «Қайрат» индустриялық аймағындағы жұмыстар жалғасуда. «Боралдай» индустриялық аймағының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді, «Береке» индустриялық аймағының инфрақұрылымын дамыту жобасы, «Қазбек бек», «Арна» индустриялық аймақтарының техникалық экономикалық негіздемелері әзірленуде.
Ауылшаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 703,3 млрд. теңгені, нақты көлем индексі  – 103,6%-ті (2017 жыл – 103,3%) құрады.
Облыстың агроөнеркәсіп кешеніне 82 млрд. теңге инвестициялар тартылған. Сомасы 17,4 млрд. теңгеге 41 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 875 жұмыс орны құрылды. 
Ауылшаруашылығы дақылдардың жалпы көлемі 952,3 мың гектарға жетті. Арпа егісі – 2,1 мың, қант қызылшасы – 2 мың, дәнді жүгері – 1,3 мың, майбұршақ – 0,8 мың, көкөніс – 0,7 мың, жемшөп дақылдары  – 1,2 мың гектарға өсті. 
Егіншілік өнімдерін өндіру 6,4%-ке ұлғайып, 1,4 млн. тонна астық, 441,5 мың тонна қант қызылшасы, 305,4 мың тонна май дақылдары, 749,8 мың тонна картоп, 119,6 мың тонна бақша дақылы, 1,1 млн. тонна жеміс пен көкөніс өндірілген. 1192,3 гектар бақ егілген. 
Ресурсты үнемдеу технологияларын қолдану көлемі
147,5 мың гектарға, соның ішінде ылғалды үнемдеу технологиясы  – 16,2 мың гектарға жеткізілді.
2018 жылы 17,7 мың гектар суармалы жер айналымға қосылған, соның ішінде Ислам даму банкі және жергілікті бюджет қаржысы есебінен – 2,6 гектар.
Барлық мал мен құс басының саны өсті.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру орта есеппен 7,3%-ке артқан. 362,8 мың тонна ет, 753,6 мың тонна сүт, 1129,4 млн. дана жұмыртқа, 8,5 мың тонна жүн өндірілді.
4100 басқа арналған 14 мал бордақылау алаңы және 820 басқа арналған 9 сүт-тауарлық ферма іске қосылды. Шетел селекциясынан 2930 бас асыл тұқымды сиыр әкелінді. 
Ауылшаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бойынша 13 нысан пайдалануға беріліп, 6 кәсіпорын кеңейтілді. Барлығы 221,2 млрд. теңгеге азық-түлік өнімдері шығарылды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,6%-ке артты.
Істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,2%-ке өсіп, 115,6 мың бірлікті құрады. Жалпы бұл салада  244,8 мың адам жұмыс істейді немесе жұмыспен қамтылғандардың 24,5%-і. Олардың шығарған өнімінің көлемі 830,6 млрд. теңгені құрады. Бюджетке 108,4 млрд. теңге салық түсті, өсім – 33,7 млрд. теңге.
Жалпы 11 млрд. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді, соның ішінде «Бизнестің жол картасы» шеңберінде 4,4 млрд. теңгеге 265 субъекті қолдау тапты.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 6,1 млрд. теңгеге 1339 шағын несие берілді. 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 486 жұмыс орны құрылып, 2282 жұмыс орны сақталды.
Облыс аумағында туризмнің 729 инфрақұрылым нысаны: 189 қонақүй, 185 қонақтарға және аңшыларға арналған үйлер, 250 демалыс базалары мен аймақтары, 31 сауықтыру лагерьлері мен санаторийлер, 67 демалыс үйі, 7 басқа нысандар жұмыс істейді. 
2018 жылы сомасы 19 млрд. теңгеге 44 туристік нысан пайдалануға берілді, соның ішінде Алакөлдің жағалауында – 33 нысан.
Жыл басынан бері облысқа шамамен 2 млн. адам келген, бұл өткен жылдың деңгейінен 22,2%-ке жоғары. Ақылы туристік-сауықтыру қызметтері 12,9 млрд. теңгеге көрсетілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артық.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Алакөлдің жағалауында туризмді дамыту жөніндегі мастер-жоспары әзірленді.
«Oi-Qaragai – Lesnaya Skazka» тау-шаңғы паркінің ашылуы тау кластерін құру бойынша жұмыстың бастамасы болды. Бұған салынған жекеменшік инвестициялар сомасы  30 млрд. теңгеден асты.
Тау кластері шеңберінде Шарын шатқалының аумағын дамытудың мастер-жоспарын әзірлеу жоспарлануда. 
Мастер-жоспар Ұйғыр ауданының термальды су көздеріндегі, Көлсай көлдеріндегі және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы туризмнің дамуы есебінен іске асырылады. 
Жоба шеңберінде экологиялық, тау-спорттық, шытырман оқиғалы, этникалық-мәдени және бизнес туризмді дамыту жоспарланып отыр.
Бөлшек саудадағы тауар айналымы 2018 жылы 500,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 107,2%. 
Облыста 16 223 сауда және қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді, соның ішінде 9800 дүкен, 2134 қоғамдық тамақтану кәсіпорны, 4206 тұрмыстық және қызмет көрсету нысаны, 83 базар бар. Ол жерде 73,4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 
3 базардың жаңғыртылуы аяқталып, 351 сауда нысаны, соның ішінде 3 ірі: «Леруа Мерлен» құрылыс материалдарының гипермаркеті, «Апорт» суда кешенінің 3-кезегі, «Технодом» сауда үйі және 22 интернет-дүкені ашылды.
Облыс әлемнің 105 елімен сыртқы сауда қызметін іске асыруда, 62 елге тауарлар экспортталып, импорттық тауарлар 99 елден келеді.
Экспорт бойынша негізгі сауда серіктестері Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан болып табылады. Импорт бойынша сауда серіктестері – Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Италия. 
2018 жылғы қаңтар-қараша айларында сыртқы сауда айналымының көлемі 1688,1 млн. (2017 жылдың кезеңіне 120,6%), соның ішінде экспорт – 339,1 млн. (117,7%), импорт – 1349 млн. АҚШ долларына жетті (121,3%). Сауда теңгерімінің теріс сальдосы қалыптасып, 1009,9 млн. АҚШ долларын құрады. 
Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттермен (Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) сыртқы сауда айналымы 647 млн., соның ішінде  экспорт – 168 млн. (2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда – 111,8%), импорт – 479 млн. АҚШ долларын (113,4%) құрады.
Негізгі капиталға 574,3 млрд., оның ішінде бюджеттен тыс  – 452,2 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе 78,7%.
Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жоспары 103,2%-ке орындалып, 386,7 млрд. теңгеге жетті, соның ішінде  республикалық бюджетке  184,3 млрд., жергіліктіге  – 202,3 млрд. теңге түсті. 
Құрылыс жұмыстарының көлемі 276,6 млрд. теңгеге жетті, нақты көлем индексі – 101,6%.
2018 жылы жоспарға сәйкес барлық қаржыландыру көздері есебінен 713,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша – 39 мың шаршы метр. 
Соның ішінде:
100 пәтерге арналған 2 несиелік үй (9 мың ш.м);
304 пәртерге арналған 45 арендалық тұрғын үй (19,9 мың ш.м);
84 пәтерге арналған 25 коммуналдық тұрғын үй (10,1 мың ш.м).
Сондай-ақ, жалпы көлемі 31 мың шаршы метр болатын 414 пәтерге арналған 7 коммерциялық тұрғын үй салынды.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 6,3 млрд. теңге бөлініп, 9233 жер учаскесіне 387 км желі тартылды.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78,1%-ті құрады.
Жергілікті маңызы бар, оның ішінде 11 км «Алматы – Өскемен –Лепсі – Ақтоғай» «Алматы – Өскемен – Қызыл Қайың – Лепсі», «Сарыөзек – Қорғас – Қоғалы – Көксу – Қарабұлақ» автожолдарының, 107 елді мекендердің 45,2 км күрделі, 286,3 км орташа, 295,6 км ауылішілік жолдарының жөнделуіне 33 млрд. теңге бөлінді. 
2018 жылдың қорытындысы бойынша 882,3 млн. жолаушы (2017 жылға 101,1%), 184,5 млн. тонна жүк тасымалданған (101,9%). 
«Жетіген – Достық – Жетіген» бағыты бойынша әлеуметтік маңызы бар ауданаралық теміржол маршруты және «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» авиамаршруты субсидияландырылуда.
«Алматы – Ақши – Көктұма» және «Талдықорған – Ақши – Көктұма» автобус маршруттары бойынша жазғы мезгілде жолаушыларды тасымалдау ұйымдастырылған.
«2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» және «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша сумен қамту және су тарту жүйесін салу, қайта жаңарту, күрделі, ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша 78 жобаны іске асыруға 10,7 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде, 40 жоба аяқталып, облыстағы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылу деңгейі 89,6%-ті құрады.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 14 жобаны іске асыру үшін 5,8 млрд. теңге қарастырылған.
Қарасай ауданының Жаңатұрмыс және Үшқоңыр ауылдарындағы 2 сумен қамту жүйесін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.
Көлік инфрақұрылымы жобалары бойынша 5,1 млрд. теңге бөлінген, соның ішінде 3 автожол учаскесі қайта жаңартылып, 9 жол күрделі жөндеуден өтті.
Үшарал, Сарқан, Талдықорған, Текелі қалаларында 19,2 км жылумен қамту жүйесі салынған және қайта жаңартылды, Қапшағай қаласындағы  3 су жылыту қазандығы ауыстырылды. Сапалы жылу жүйесімен қосымша 9243 адам, 2 әскери бөлім, 3 білім беру мекемесі мен 3 әкімшілік ғимарат қамтамасыз етілді.
Талғар қаласында 6 газбен жанатын блоктық-модульдік қазандығын орнату бойынша пилоттық жоба табысты іске асырылып, орталық жылу жүйесіне 538 абоненттен тұратын 23 көппәтерлі тұрғын үй қосылды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Көксу аудандарында электр өткізгіш желілерді салу мен қайта жаңарту бойынша 15 жобаны және Талдықорған қаласындағы 2 жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді.
Осы жобалардың іске асырылуы 159,6 км желіні салуға және қайта жаңартуға, 16,5 мың адамды сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта облыстың 142 елді мекені газбен қамтамасыз етілген, газдандырылу деңгейі 30%-ті құрады, 797,9 мың адам табиғи газға қол жеткізді. 
Газдандыру жұмысына 13,2 млрд. теңге бөлінді.
Талдықорған қаласының қалаішілік желілерін салу жалғастырылуда, I, II, III кезек жұмыстары толығымен аяқталып, 2595 абонент қосылды. ІV кезек бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Барлығы Талдықорған қаласында 55,4 мың абонент газбен қамтамасыз етілетін болады.
 «Талдықорған-Текелі» магистральді газ құбырының құрылысы аяқталды. Текелі қаласы, Қарабұлақ ауылы және Ескелді ауданының 5 елді мекенінде, сондай-ақ, Көксу ауданының Балпық би ауылында жекеменшік инвестиция есебінен сомасы 1,2 млрд. теңгеге газ бөліп тарату жүйесінің құрылысы басталды.
2018 жылдың желтоқсанында «Сарыөзек» және «Бақанас» автоматты газ тарату стансысы құрылысы аяқталды, а.ж. бірінші тоқсанында «Үштөбе» автоматты газ тарату стансысы салынып бітеді.  
Әлеуметтік салада жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ті құрады. 31295 жұмыс орны құрылған.
Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және тарту жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде 401,1 мың азаматтың ішінде  267,1 мың адамның мәртебесі өзектендірілді немесе 66,6%.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде үш бағыт бойынша 10,5 млрд. теңге бөлінген.
Аталған бағдарламамен 27,7 мың нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар қамтылды немесе жоспардың 108,2% орындалды.
Оқуға 7409 адам, оның ішінде техникалық және кәсіби білімді кадрларды даярлауға  1535, ал 32 колледж бен 12 оқу орталығында 50 мамандық пен кәсіп бойынша қысқа мерзімді оқуға  5874 адам тартылды. 
Қысқа мерзімді оқуды 5622 адам аяқтап, оның ішінде 4693 адам жұмысқа орналастырылды немесе 83,5%-і. 
Әлеуметтік жұмыс орындарына  1538, жастар тәжірибесіне  1755, қоғамдық жұмыстарға  11439 адам жіберілді. 
Жалпы 160 мыңнан астам аз қамтылған азаматтар 4,6 млрд. теңгелік әртүрлі әлеуметтік көмек алды. Атаулы әлеуметтік көмек  58768 азаматқа, тұрғын үй көмегі  8492 отбасыға, әлеуметтік көмек  үйден оқытылатын 1682 мүгедек-балаларға, әлеуметтік маңызды аурумен (туберкулез) ауыратын 1106 азаматқа, коммуналдық қызметтер өтемақысына – 150 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен ардагерлеріне төленді.
Облыстағы мүгедек жандар саны 67,6 мың адамды құрады. Сомасы 2,8 млрд. теңгеге 23144 адамға оңалту және сауықтыру құралдары алынды.
Облыста арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 13 мекеме бар. 10 стационарлық типтегі мекемеде 2141 қарттар мен мүгедектер, психоневрологиялық аурумен ауыратындар, мүгедек балалар 8 арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылды. 4609 мұқтаж жанға үйден әлеуметтік көмек көрсетілді. Мұқтаж азаматтардың ішінен арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылғандардың үлесі 99,6%-ті құрады.
Облыстың білім саласына 163,7 млрд. теңге бөлінді.
2018 жылы 188 жекеменшік балабақша мен 4 шағын орталық, балабақшаларда қосымша топтар ашылып, барлығы 15813 орынды құрады. 
3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылу деңгейі 98,5%-ке жетті.
Бүгінде 760 мектепте 390087 бала білім алып, саны 17052 оқушыға артқан. Жалпы білім беретін 34 мектепте сабақтар 3 ауысымда өтеді.
Есепті кезеңде 12 білім нысаны, соның ішінде 9 мектеп пайдалануға берілді. Жалпы сомасы 7,7 млрд. теңгеге 28 нысан күрделі жөндеуден өткізілді.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 966,8 млн., оның ішінде 823 млн. теңге мультимедиялық жабдық сатып алуға бөлінді.
Облыс мектептері кітаптармен, компьютерлік техникамен толық (100%) қамтамасыз етілген. Жоғары жылдамдықты кеңжолақты интернет 424 мектепте бар немесе 56%. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1092 білім мекемесінде 17104 камера орнатылды.
2018-2019 оқу жылында облыстың білім беру ұйымдарында 35625 мүғалім, оның ішінде 4342-сі жас маман (жалпы мұғалімдер санының 12,2%-і) жұмыс істейді. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі – 52,2%. Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 9348 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өткен.
Облыстың 256 мектебінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту пилоттық режимде жүргізілуде. 48 мектепте робототехника кабинеттері ашылып, онда 1442 оқушы білім алуда.
Бірыңғай ұлттық тестілеуге 11271 бала немесе жалпы түлектер санының 66,1%-і қатысты. Орташа балл 85,1-ді құрады, ал 2017 жылы  – 77. 
Бүгінде облыста балалардың қосымша білім алуын 40 мектептен тыс мекеме және жалпы білім беретін мектептердегі 18 мыңнан астам үйірмелер мен спорт секциялары қамтамасыз етуде. Жалпы балалардың қосымша біліммен қамтылу деңгейі 2017 жылғы 71,5%-тен 2018 жылы 79%-ке өскен.
Колледждерге оқуға 12 мың адам қабылданып, 10,7 мың маман оқып шыққан, барлығы 32,7 мың адам білім алуда, оның ішінде 19 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша. 
34 колледжде 258 кәсіпорынның қатысуымен 24 мамандық пен кәсіп бойынша 2315 студентке дуалды оқыту енгізілуде.
Денсаулық сақтау саласының бюджеті 2018 жылы 82,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге ұлғайған (әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын есепке ала отырып).
Облыста 806 денсаулық сақтау мекемесі бар, соның ішінде мемлекеттік – 643, жекеменшік – 163. Мемлекеттік ұйымдарда 4765 дәрігер мен 14961 медбике жұмыс жасайды. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың тұрғынға 26,9-ды құрайды, орта медициналық қызметкерлермен – 78,2. 
Өткен жылы 15 нысан салынды, соның ішінде 6 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт, Талдықорған қаласында  наркодиспансер, облыстық балалар ауруханасына неонатальдық хирургия ғимараты жалғастыра салынды, Текелі қалалық ауруханасына сейсмокүшейту жүргізіліп, 5 нысан күрделі жөндеуден өтті. Жалпы денсаулық сақтау нысандарының құрылысына және күрделі жөндеуіне 5,8 млрд. теңге бөлінді.
159 бірлік медицина жабдығы сатып алынды. Медициналық жабдықпен қамтамасыз етілу 83%-ті құрайды, санитарлық автокөлікпен – 78%.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу үшін денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Цифрландыру бойынша облыстық, аудандық және қалалық ауруханалар деңгейінде интернет желісіне 100% қолжетімділік қамтамасыз етілді, аудандық деңгейден төмен – 69,9%. Компьютерлермен қамтамасыз етілуі 100% құрайды. 
Шақыруларға жедел қызмет көрсету үшін Талдықорған қаласының "Жедел жәрдем" стансысында «Көмек 103» жүйесі іске қосылды. 
Электрондық форматта 117 медициналық нысан жүргізілуде, қағазсыз құжат айналымы 53%-ке дейін жеткізілді, электрондық денсаулық паспорты 1691,0 мың адамға немесе халықтың жалпы санынан 83%-ке жасалды. 
Өткен жылы мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында Талдықорған қалалық көпсалалы аурухана базасында онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша ахуалдық орталық ашылды, орталыққа 13 медициналық ұйым, оның ішінде 9 орталық аудандық аурухана, 2 қалалық емхана, онкодиспансер, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасы қосылды. 
Ақсу, Еңбекшіқазақ, Іле, Көксу және Панфилов аудандарында шалғайдағы ауыл тұрғындарына 5 жылжымалы медициналық кешен көмек көрсетеді, 2018 жылы 237 ауылдан 118,5 мың адам қаралды. 
Нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша жалпы өлім-жітім 3,6%-ке, нәресте өлімі – 7,2%-ке, қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім – 7,9%-ке, туберкулез – 25%-ке, қатерлі ісіктер – 13,3%-ке төмендеді.
2018 жылы облыстың мәдениет және мұрағаттар бюджеті 10,7 млрд. теңгені құрады.
Облыста 567 мемлекеттік мәдениет және мұрағаттар мекемелері, оның ішінде 245 Мәдениет үйлері мен клубтар, 269 кітапхана, 24 мұражай, 2 галерея, 20 мұрағат, Бикен Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, Халық шығармашылығы орталығы, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы және 2 бейнемобиль жұмыс істейді. 
88 халықтық және үлгілі ұжымдар мен 1367 үйірме бар.
Талдықорған қаласында Б. Римова атындағы драма театры, Талғар ауданының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына музей салынды. 
5 мәдениет мекемесі күрделі жөндеуден өтті: Сарқан ауданы Черкасск, Райымбек ауданы Алғабас ауылдарындағы Мәдениет үйлері, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының қасбеті, Қарасай ауданы Қаскелең қаласының кітапханасы, сонымен қатар 2019 жылға ауысқан Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы Мәдениет үйі. 
Мәдениет және мұрағаттар мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 317,7 млн. теңге бағытталды.
52,3 мыңнан астам түрлі іс-шаралар өткізілді. 
Облыста 3534 спорт нысандары бар, оның ішінде 2 спорт сарайы, 47 бассейн, 24 стадион, 26 теннис корты, 19 хоккей корты, 2 шаңғы базасы, 7 ипподром және басқалар. 
Спорттың 64 түрінен 40 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, оның ішінде 2018 жылы жетеуі Еңбекшіқазақ, Кеген, Талғар аудандарында, үшеуі Қапшағай және Талдықорған қалаларында ашылды, оқушылар контингенті 34,4 мың адамды құрайды.  
Олимпиада резервін даярлау орталығында спорттың 8 түрі бойынша 126 спортшы, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта  606 тәрбиеленуші спорттың 11 түрі бойынша шұғылданады.  
2018 жылы Үшарал, Қаскелең, Талғар қалаларында 3 спорт кешені пайдалануға берілді, Көксу ауданы Балпык би ауылында орталық стадионды қайта жаңарту, Талдықорған қаласында «Өркен» балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ауылдық жерлердегі тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту үшін барлық ауылдық округтерде спорт бойынша әдіскерлер жұмыс істейді, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында барлығы 1169 спорт алаңы, оның ішінде 2018 жылы 22 спорт алаңы жайластырылды.
Нәтижесінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың үлесі облыс халқының жалпы санынан 28,4-тен 29,3%-ке дейін өсті.
Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде, дене шынықтыру дайындығының спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту 2017 жылмен салыстырғанда балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан 8,0 %-тен 8,8 %-ке жетті.
Облыста 14-29 жас аралығындағы жастар саны 418,1 мың, 2018 жылдың 3-тоқсанында экономикалық белсенді жастар  193,4 мың, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 188,3 мың адамды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,0%-тен 2,7%-ке дейін төмендеді.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 2018 жылы 565,5 млн. теңге бөлініп, 245 іс-шара өткізілді.  
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 571 жас маман 96,1 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы, 394 маман 1,4 млрд. теңгеге тұрғын үй сатып алуға несие алды. 
Облыста 20 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, ауылдық округтерге 253 штаттық бірлік нұсқаушы бөлінді.  
Жұмыспен қамту шараларымен 31783 жас қамтылды, тұрақты жұмысқа 14050 адам орналастырылды. Мүмкіндігі шектеулі жастарға тегін ағылшын тілі курстары ашылды.  
2018 жылы 1904 жауынгерді қамтыған «Жасыл ел» жобасын қаржыландыру көлемі 52,7 млн. теңгені құрады.
2018 жылы ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3,2 млрд. теңге бөлінді. 
102 қызметтік автокөлік, жергілікті полиция қызметі үшін 283 автокөлік бейнетіркегіштері, 400 компьютер, 208 планшет (2017 ж. – 300), арнайы құралдар мен белсенді қорғаныс құралдары (704 млн. теңге) сатып алынды. 
Жол-патрульдік қызметі портативті бейнетіркегіштермен 100% қамтамасыз етілген (норма – 871). 
Тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункттерінің құрылысы жалғасуда: 2016-2018 жылдары 162-сі салынды, 2019 жылы 20-сы тапсырылады, 2020 жылы тағы 38-і салынады. 
Әкімшілік тәртіпте қамауға алынған тұлғалар үшін екі қабылдау орнының құрылысы аяқталды (2017-2018 ж.ж. – 1 608 млн. теңге).
Аудандар мен қалалардың қоғамдық орындарында полиция департаментінің пультіне шығатын 968 бейнебақылау камерасы орнатылды (Талдықорған қаласында – 871). 
2019 жылы тағы 500 камера қойылады (Қапшағай қаласында – 300, Қаскелең қаласында – 150, Жаркент қаласында – 50). 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында кешенді шаралар қабылдау үшін «Жетісу – адалдық алаңы» жобасын іске асыру басталды. 
Жоба аясында бүгінгі күні «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойылды, Алматы облысы әкімдігінің базасында арнайы жабдықталған және ресімделген жобалық кеңсе құрылды. Жобалық кеңседе орталық мемлекеттік органдар және облыстық басқармалар қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері қатарынан басым бағыттар бойынша жобалық топтардың қызметі ұйымдастырылған. 
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландыру үдерісі барлық өмір сүру саласына қатысты және мемлекетіміздің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. 
Жоба аясында Талдықорған қаласында 6 «Smart» аялдама кешені орнатылды. Қаратал ауданында «сервистік әкімдік» жобасы іске қосылды.
2018 жылы білім беру саласында балабақшаларға кезекке өтініш беруді автоматтандыру жүйесі енгізілді, оған 951 мектепке дейінгі ұйым тіркелді (81,4%), «Smart-колледж» пилоттық жобасы іске қосылды, бұл колледждерде оқу-білім беру процесін автоматтандыруға мүмкіндік берді. Мектептерде компьютерлермен жабдықталған 11275 немесе 57% пәндік кабинеттер бар. Жалпы алғанда барлығы 760 мектеп немесе 100% компьютерлік техникамен жабдықталған, мектептердің 56% жоғары жылдамдықты интернетке қосылған, Wi-Fi желісімен 312 мектеп немесе 41% қамтылған. 
Денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдар аудандық деңгейге дейін медициналық ақпараттық жүйемен 100% қамтамасыз етілген («Жетісу» медициналық ақпараттық жүйесі), аудандық деңгейден төмен жүйе 411 немесе 69,9% енгізілген. 
Қауіпсіздік саласында Алматы облысының тергеу және анықтау бөлімшелерінде «Электрондық қылмыстық іс» жобасы шеңберінде электрондық форматта қылмыстық істерді тергеу үшін 300 жұмыс орны орнатылды, әкімшілік істерді электрондық форматта жүргізу үшін жүйе енгізілді. 
Нәтижесінде тергеу жүргізу мерзімдері қысқартылды, материалдарды бұрмалау тәуекелі азайтылды, анықталған құқық бұзушылықтар саны артты.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 9 тұрғын үй «Е-Шаңырақ» бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйесіне қосылды, соның есебінен тұтынылған және жеткізілетін коммуналдық қызметтерді бақылау және мониторинг бойынша шығындар 30% -ке төмендеді.
«Қаланы басқару» бағытын іске асыру аясында «Smart Taldykorgan» мобильді қосымшасы әзірленді, ол 40-тан астам қалалық сервистерді қосуға мүмкіндік береді (өз емханасын іздеу, дәрігерге жазылу, дәрі-дәрмек іздеу, коммуналдық қызметтерді төлеу, такси шақыру, отельдерді брондау, тұрғындарды сабақты тоқтату туралы ақпараттандыру, жолдарда шектеу және т.б.). Бейнебақылау камераларымен, түнгі LED жарықтандырумен, жаяу жүргіншінің қозғалыс датчиктерімен жабдықталған толық энергияға тәуелді «Ақылды жаяу жүргінші өткелі» («Көктем» ш / а) орнатылды. 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге 323 жоба мен іс-шарадан тұратын тізілім жасалды. Оның ішінде 2018 жылы сомасы 4,8 млрд. теңге болатын 255 жоба іске асырылды, қалған 68 жоба (4,2 млрд. теңге) ауыспалы және ұзақ мерзімді болып табылады. 
Бағдарламаны іске асыруға азаматтық қоғам институттары, сондай-ақ, 47 үкіметтік емес ұйымдар тартылды.
Талдықорған қаласында Өңірлік жобалық офис пен Сарапшы кеңестің диалогтық алаңы болатын Қазақстандағы тұңғыш «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды. 
«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 3 республикалық жоба мен 58 маңызды іс-шара жүзеге асырылады. Облыстық ішкі саясат басқармасы 30 млн. теңгеге «Qazaq Epos» әдеби тарихи-танымдық және ағартушылық конкурсын, 41,5 млн. теңгеге «қазіргі заманғы мәдениетті жаһандық әлемге жылжытудың интеграцияланған моделі» халықаралық конференциясын өткізуді, 15 млн. теңгеге «Өлкетану» кітабын шығаруды жоспарлап отыр.
Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға бағытталатын болады. 
2019 жылы өнеркәсіп көлемін 950 млрд. теңгеге, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі көлемін 780 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.  
40 жаңа өнеркәсіп орындарын пайдалануға беру және 20 жұмыс істеп тұрған кәсіпорын өндірісін кеңейту шамамен 2 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.  
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының 117 мың бірлікке дейін өсуі күтілуде. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200-ге жуық жоба қаралады. Шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 1,3 трлн. теңгеге жететін болады.
Облыс экономикасына шамамен 600 млрд. теңге инвестиция тартылады.  
«Лукойл» Ресей компаниясының майлау материалдарын өндіру бойынша «Лукойл Лубрикантс» ЖШС (27 млрд. теңге инвестиция, 200 жұмыс орны), Сингапур-Қытай компаниясының (47 млрд. теңге инвестиция, 360 жұмыс орны) қатысуымен қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна цемент шығаратын «АлаЦем» зауыты, «Империя Фуд» ЖШС ет өңдеу зауыты (2,6 млрд. теңге инвестиция, 93 жұмыс орны), «Жетісу Мажико Агрокешені» ЖШС майлы дақылдарды өңдеу бойынша (6 млрд. теңге инвестиция, 650 жұмыс орны) сияқты ірі өнеркәсіп кәсіп- орындарын іске қосу жоспарланып отыр. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Феникс» және «Заря» компаниялары «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА аумағында қуаты жылына 60 мың тонна болатын (5,8 млрд. теңге инвестиция, 135 жұмыс орны) 2 құрама жем зауытын салуда.   
2019 жылы енгізілген кәсіпорындар есебінен экспорт 20% - ке ұлғайып, 395 млн. АҚШ долларына жеткізілетін болады.
Бөлшек сауда көлемін 537 млрд. теңгеге, сауда нысандарының санын 16465 бірлікке дейін жеткізу жоспарлануда. 4 базарды жаңғырту аяқталады: Алакөл ауданындағы «Рынок», Іле ауданындағы «Алатау» және «Рауан», Талдықорған қаласындағы «7SYGroup» ЖШС (бұрынғы «АКЛ»).  
Мемлекет басшысы аграрлық сала қызметкерлері  алдында алдағы бес жылда еңбек өнімділігін арттыруды, қайта өңделген өнімді экспорттауды қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойды. 
Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру және 4 жаңа су қоймасын салу есебінен 33 мың га, суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру есебінен тағы 37 мың га суармалы жер айналымға қосылатын болады. Ирригациялық желілерді қалпына келтіру үшін Ислам Даму Банкі 19 млрд. теңге бөлді. 9 су шаруашылығы нысандарына күрделі жөндеу жүргізілетін болады, оған облыстық бюджеттен 932,5 млн. теңге бөлінді.  
Облыс бойынша ауылшаруашылығы дақылдарының егістігі ағымдағы жылы 7,4 мың гектарға артып, 959,7 мың гектарға дейін жететін болады, оның ішінде қант қызылшасы – 2,8 мың гектарға (2018 ж. – 11,2 мың, 2019 ж. – 14 мың га), майлы дақылдар – 2 мың гектарға (2018 ж. – 171,1 мың, 2019 ж. – 173,1 мың га), дәндік жүгері – 1 мың гектарға (2018 ж. – 80 мың, 2019 ж. – 81 мың га), азықтық дақылдар – 1,4 мың гектарға (2018 жылы – 245,2 мың, 2019 жылы – 246,6 мың га) ұлғаяды.
Етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 4080 басқа арналған 11 бордақылау алаңын құру, 20 мың бас мал сатып алу жоспарлануда (ІҚМ – 5,6 мың, ҰҚМ – 14,4 мың бас).  Ірі қара еті экспортының көлемі 3 мың тоннаға дейін өсетін болады.  
Жалпы қуаттылығы жылына 83 мың тонна болатын 4 ет комбинатының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде ағымдағы жылы қытайлық инвестормен бірге қуаттылығы 16 мың тоннадан болатын «Лунюань Жетісу» ЖШС және «Қайыңды» ЖШС ет комбинаттары іске қосылады. 2021 жылы итальяндық «Inalca-Cremonini» компаниясымен бірге қуаты 21 мың, Герман инвесторы «Бауман» – қуаты 30 мың тонна ет комбинаты іске қосылады.  
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып, сүтті мал шаруашылығы мен картоп өсіру дамитын болады.
Бұл үшін ағымдағы жылы 4450 басқа арналған 9 сүт-тауар фермасы құрылады. Сүт фермаларының желісін кеңейту есебінен сүт өндірісі 21 мың тоннаға артады, қайта өңдеу деңгейі 32% - ке жетеді.  
Ет, сүт өнімдері, консервіленген көкөністер мен жемістер, мия және крахмал жеткізілімдерінің өсуі есебінен қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 6,5%-ке ұлғайып, шамамен 72 млн. АҚШ долларын құрайтын болады.
Машина-трактор паркін 7%-ке дейін жаңарту жоспарланып отыр, дәл егіншілік элементтерін енгізу, ІТ-технологияларды қолдана отырып SMART-фермалар құру жалғастырылатын болады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 784,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен – 79,3 мың шаршы метр. 
"7-20-25" бағдарламасы бойынша 26 массив анықталды, онда 2025 жылға дейін 4 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Ағымдағы жылы 1184 пәтерлік 35 үй салынады (68,2 мың шаршы метр).
Алматы облысында сертификаттарды ұсыну бойынша іріктеу бағдарламасы, тетігі мен критерийі бекітілді, бюджеттік сала қызметкерлері үшін қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын ұсыну үшін 1 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 21 қаңтарынан бастап Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар аудандарында тілек білдірушілерге тұрғын үй сертификаттарын беру басталды.  
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын және кентішілік жолдарды қалпына келтіруге, жөндеуге және күтіп ұстауға 32,4 млрд. теңге бөлінді.
Балқаш жағалауында демалыс аймақтарына апаратын 23 км автожолды және «Сарыөзек – Қорғас – Қоғалы – Көксу – Қарабұлақ» автомобиль жолының учаскесіне қайта жаңарту жүргізілетін болады. Сондай-ақ 55,2 км күрделі жөндеу және 148,5 км автожолға орташа жөндеу жүргізіледі.
Ағымдағы жылы облыстың елді мекендерінде сомасы 8,9 млрд. теңгеге 42 сумен жабдықтау және су жеткізу жобасын іске асыру жоспарлануда. Жыл қорытындысы бойынша облыстың 10 ауылының тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алады. 2019 жылдың соңында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 91% немесе 675 елді мекенді құрайды.
Газбен жанатын блокты-модульді қазандықтарды орнату жұмыстары жалғасуда. Қарасай және Талғар аудандарында салынатын 16-сына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлінді, орталық жылу жүйесіне 88 көппәтерлі тұрғын үй қосылатын болады.   
Облысты одан әрі газдандыру үшін мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Абоненттерді газ тарату желілеріне қосу жалғастырылады, Талдықорған қаласының 3-бөлімшесі, «Ынтымақ» шағын ауданы және Еңбек ауылын газдандыру, Алакөл ауданының Үшарал қаласына дейін магистральді газ құбырын салу жұмыстары басталады.
Қаратал ауданы Үштөбе қаласының, Балқаш ауданы Бақанас ауылының, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының, Талғар ауданындағы 7 елді мекеннің газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
2019 жылы 102 аула алаңын абаттандыру, 52 км арық желісін салу, көшелерді жарықтандыру жоспарланған.
Аймақтың жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету және экологиялық жағдайын жақсарту үшін 8 саябақ: Талдықорған қаласындағы Ардагерлер саябағы, Жеңіс саябағы, Талғар ауданындағы Абай атындағы саябақ, Алакөл ауданы Ақши ауылындағы, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы, Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы, Қапшағай, Талғар қалаларындағы саябақтар жайластырылып,               6 сквер мен 7 аллея қайта жаңғыртылды.
2019 жылы ішкі және кірмелік туризмін басым дамытуды ескере отырып Туризмді дамытудың жол картасын іске асыру жалғасады.
ҚР Үкіметінің қолдауымен 270,5 млрд. теңгеден астам инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретін 4 зәкірлі жобаны іске асыру жоспарлануда: Түрген шатқалындағы Халықаралық тау шаңғысы курорты, «Хеппилэнд» көпфункционалды отбасылық ойын-сауық кешені, «Апорт Ақтас» бүкіл маусымдық тау шаңғысы курорты, «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығын одан әрі дамыту. 
Ақсу, Сарқан, Ескелді, Көксу аудандары мен Текелі қаласының туристік әлеуетін қоса отырып, Жоңғар-Алатау тау кластерін құру мен Алматы облысын дамытудың Мастер-жоспарын әзірлеу жүргізілуде. «Алтынемел» мемлекеттік табиғи паркінің аумағында геопарктің пилоттық жобасын құру, медициналық және сауықтыру туризмін дамыту үшін Алакөл көлі мен Қарадала массивінің термальды көздерінің су құрамына пайдалы қасиеттерінің бар-жоғын анықтау мақсатында зерттеу жүргізілуде.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Профи. Трэвел» Халықаралық интернет-порталында туристік әлеуетпен танысу және облыстың туристік өнімін оқыту бойынша онлайн жоба іске қосылады. 
Қабылданатын шаралар ішкі туризм бойынша келушілердің санын 2,1 млн. адамға дейін, ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемін 14,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2019 жылы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамтуды 30%-ке дейін көтеру, балалар мен жасөспірімдер мектебінде шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамтуды 9,2%-ке дейін арттыру жоспарлануда. 20-дан астам ірі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін болады, 9 республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу жоспарланған.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланған, оның ішінде үшеуі өткен жылдан бастап салынып жатыр: Ақсу ауданының Жансүгіров ауылы, Қарасай ауданының Шамалған ауылы, Кеген ауданының Кеген ауылы, төртеуі Райымбек, Қарасай, Көксу аудандарында және Қапшағай қаласында. Сонымен қатар, Талдықорған қаласында жеңіл атлетикалық манеж және жабық жүзу бассейнінің құрылысы жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. «Жетісу жастарының жарқын істері» іс-шаралар жоспарында студенттік құрылыс отрядтарын құру, ауылшаруашылығын дамыту үшін аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарына 10 га жер телімдерін бөлу, барлық аудандар мен қалаларда жастарға қызмет көрсету орталықтарын салу, аудандық және қалалық «Бақыт» жас отбасыларын қолдау клубтарына 33 штаттық бірлік психологтарды бөлу сияқты 115 ауқымды іс-шара өткізу қарастырылған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Жастар волонтерлік, дебаттық қозғалыстар, «Жалын» полицияға көмек көрсету студенттік отрядтары, «КВН» қозғалысы белсенді дамуда.   
Ағымдағы жылы 21 нысанның құрылысы, оның ішінде 19 мектеп, 28 білім беру мекемесін күрделі жөндеу жоспарланған. 
Толық жиынтықты мектептерді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы стандарттарына сәйкес жаңа модификациялы кабинеттермен және жиһазбен қамтамасыз ету, орта және негізгі мектептерді көлікпен қамтамасыз ету, жоғары жылдамдықты интернетке қосылған мектептер санын арттыру көзделген. 4, 9, 10-сынып оқушыларын жаңартылған білім беру мазмұнына көшіру жоспарланған, мұғалімдердің біліктілігі пәндік құзыреттілікті арттыруға бағытталатын болады.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамту үшін 2019 жылы мектепке дейінгі мекемелерде 7529 жаңа орын, оның ішінде 5570 орынды 66 жекеменшік балабақша есебінен, 203 орынды 9 мектеп жанындағы шағын орталықтар есебінен, 1756 орынды қосымша топтар есебінен ашу жоспарлануда.  
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 30 қаңтардағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына сәйкес жаңа мамандықтар ашу үшін 10 колледж белгіленді. Олар Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі, Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі, Талғар политехникалық колледжі, Қапшағай көпсалалы колледжі, Талдықорған политехникалық колледжі, Талдықорған агротехникалық колледжі, Талдықорған сервис және технология колледжі, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі, Алматы облыстық сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжі.
Мемлекет басшысының 3-ші бастамасын орындау мақсатында облыста жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін 2218 орынды 11 жатақхана (колледж үшін – 9, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ үшін – 2) салу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың наурыз айында облыс орталығында 288 орынды бірінші жатақхана ғимаратын қайта жаңарту басталады.
Денсаулық сақтау саласында 12 нысан салынып, Қаратал, Ескелді аудандық ауруханаларына, Панфилов ауданы Басқұншы ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізіледі.
115 бірлік медициналық жабдықтарды сатып алу үшін 3,5 млрд. теңге қарастырылған: облыстық балалар ауруханасына арналған компьютерлік томограф, Алакөл, Қарасай, Шелек аудандық ауруханаларына арналған 3 сандық маммограф, 4 мобильді хирургиялық жүйе, 6 ультрадыбыстық диагностикалық жүйе, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына арналған 10 флюорограф, 6 инкубатор және жаңа туған нәрестелерге арналған 3 өкпені жасанды желдету аппараты.  
Мәдениет саласында Жамбыл ауданының Үңгіртас, Балқаш, Қарасай аудандарының Шамалған, Құйған ауылдық Мәдениет үйлері жөнделіп, 7 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Президенттің латын әліпбиіне көшу туралы Жарлығына байланысты халықты жаңа әліпбиге оқыту, жаңа орфографиялық нормалар мен ережелерді түсіндіру басталады. Аудандар мен қалаларда «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 10 филиалы жұмыс істейді, осы жылы тағы 10 орталық ашылатын болады.
2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру үшін бірқатар жарқын жобалар өткізу жоспарлануда: «Алтын адамның ізімен» (Қазақстан, Ресей Федерациясы), «Жетісу туралы араб, түрік, парсы дерек көздері» (Иордания, Иран, Египет, Түркия), «Ата-бабалардың бастауына» (Моңғолия) үш халықаралық экспедициялар, сондай-ақ Түркия, Әзірбайжан және АҚШ ғалымдарының, сарапшыларының және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «TUG'YRLY TUYM» халықаралық форумы, «Жетісу Жібек жолының бастауы» экспедициясы, «Тамыры терең әліпби» антологиялық жинағын шығару, «Жастар іс-шаралары» zhetysuwein-фест», «Жетісудың жеті қыры» және «ARGYMAQ FEST» үшкүндік фестивальдары. Барлығы 642 жоба мен іс-шаралар жоспарланған.
«Жетісу» телекомпаниясымен бірлесіп «Жетісудың ұлы есімдері» атты деректі-қойылымдық фильмдер мен сериалдарды, «Ғибратты қазына» телебағдарламасын түсіру жоспарланып отыр.
Талдықорған қаласында жеті түркі тілдес елден келген үздік 7 фильм, иллюстраторлар мен аниматорлардың қатысуымен т-CON комикстерінің фестивалін өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жоғары өнер мен заманауи технологиялар үлгілерін пайдалана отырып, «Голограммада тарихи көріністі құру» жобасы басталады (3600out/in).
Құқық қорғау қызметі саласында ағымдағы жылы облыс полициясын материалдық-техникалық жарақтандыруға 4,4 млрд.   теңге бөлінді. Сержанттық лауазымдардың 693 бірлігін офицерлер құрамына кезең-кезеңмен ауыстыру аяқталады.  
136 автомашина (қамтамасыз етілуі 98,7% құрайды), 954 планшеттік компьютер принтерлермен сатып алынады. Облыс орталығында 515 бейнекамера орнату жоспарлануда (44,1 млн. теңге). 
Тұрғын үймен біріктірілген тағы да 20 полиция пунктін салу жоспарлануда, 3 әкімшілік ғимарат жөндеуден өткізіледі: Қарасай жергілікті полиция бөлімі, Қаскелең қаласының арнайы бөлімшесі, Талдықорған қаласының автошаруашылығы және бақылау өткізу пункті. Райымбек ауданының Нарынқол ауылында аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратына тир және фронт-офис салынған жапсаржай құрылысы басталады.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс бекітілген тұжырымдамалар мен жол карталарына сәйкес жалғасатын болады.
Білім беру саласында мектептерді Wi-Fi желісімен, пәндік кабинеттермен, компьютерлік және мультимедиялық техникамен жабдықтау, 32 білім беру объектілерінде «Смарт колледж» бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату жұмыстары жалғастырылады.
Ауылдық елді мекендерде «Жетісу» медициналық ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда.
Әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің жобасын іске асыру үшін 954 планшет сатып алынады, облыстың 3 ауданы мен қалаларында (Қапшағай қаласы – 300 камера, Қарасай ауданы – 150, Панфилов ауданы – 50) бейнебақылау жүйесі енгізіледі. Жол-көлік оқиғалары көрсеткіші жоғары учаскелерде жол қозғалысы ережелерін бұзуды фото-бейне тіркеу жүйесін орнату жоспарлануда.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында «Инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды беруді автоматтандыру» жобасы қарастырылуда. Бұл жүйе қағаз құжат айналымын алып тастауға, мәліметтер алмасу және ақпарат жинау уақытын 30% - ке қысқартуға мүмкіндік береді. «Жылумен жабдықтау жүйесінде температуралық режимді бақылауды автоматтандыру» жобасын енгізу отын шығынын 30% - ке төмендетеді, жылумен жабдықтау жүйесінде температуралық режимді уақтылы реттеудің тиімділігін 30% - ке арттырады, сондай-ақ, отынды ұрлау мүмкіндігін 30% - ке қысқартады. Отын шығынын төмендету есебінен бюджет қаражатын үнемдеу 20% құрайды.
«Диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі және жолақы төлемі» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда, Талдықорған қаласының әкімдігі мен «IBA Қазақстан» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 
«I-Komek-109» («Ай-көмек») жүйесін енгізу мәселесі қарастырылуда – бұл облыс тұрғындарының проблемаларын жедел шешу үшін әкімдіктің барлық басқармаларын, коммуналдық, анықтамалық және басқа да қызметтерді біріктіретін бірыңғай байланыс орталығы болады. 
Белгіленген жоспарларды іске асыру облыс экономикасының барлық салаларында өсудің оң серпінін сақтауға мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсету үшін жағдай жасайды.