ОН СЕГІЗІНДЕ ОТ КЕШКЕНДЕР

Уақыты: 14.02.2019
Оқылды: 1071
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ауғанстанда әскери борышын өтеуге аттанған талай бозбала қан майданда қаза тапты. Биыл Ауғанстаннан Кеңес әскерлері шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай зұлмат соғыстың зардабын көрген Оразтай Төлегенбаев, Әділхан Үсенбеков, Амангелді Омаровтай ардагерлермен аз-кем сөйлесудің сәті түсті.

 

Он сегізінде от кешіп, тас жастанған батырлар 1981 жылдың 1сәуірінде әс­керге шақырылып,  Ауған­с-  тандағы майдан да­ла­сына аттанады. Оразтай Төлегенбаев Джа­лалабадтағы 7-ші взводтың 3-ші ро­тасында әскери борышын өтеді. Ол қаруластарының арасындағы орыс тілін біл­мегендер­ге аудармашы бо­ла­ды.  Содан соң коман­дирдің саяси жұмыс- тар жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. Ауған жерінде аса маңызды жауын­герлік операцияларға қа­ты­сып, елі мен жері үшін сұрапыл соғыста қаһармандық танытады. Соғыс жайлы сауалымыз жанына батты ма, күрсініп:
–Қаншама жас осы қыр- ғында қан кешті. Жауынгерлік операцияларға көп шықтық. Сондай қырғынның бірінде 1982 жылы Кәдек Ораз атты жауынгер досым жараланды. Жанат Есмұратов деген жерлесімнің сүйегін Еркін ауылына алып келгенім көз алдымнан кетпейді, – деп көзіне жас алды ардагер. 

Әділхан Үсенбеков те  от пен оқтың, талай қантөгістің ортасында жүрді. Қанды қырғынның бірінде командирді оқтан арашалап қалып, ерлік көрсетеді. Сол сәттен бастап командирдің оққағары болады. 
– Бізді кешке Пандж­шер­ге алып келді. Сар­баздар душмандардың госпи­талін алыпты.Сөйтіп, жар­ты рота осында қалып, жар­тысы тауға шықты. Мен командирмен госпита­льда қалдым. Мұнда әскери тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауың кер­ек. Егер жаңа жүрген жо­лың­нан жаңылсаң, оққа ұшасың. Қателікті кешірмейді. Ауғанның тау­лы жерінде талай қиындық­тарды кездес- тірдім. Тіпті, өлім аузынан қалған күнім де болды. Бірде қарша бораған оқтың бірі сөмке­дегі консервіге тиді. Қайта жата қалғанымның ар­қасында Құдай сақтап, өлім аузынан қалдым, – деді ол. 

Амангелді Жұмаханұлы: «Түрлі операция­ға шығып тұр­­дық. 1981 жылдың 31 қа­­­­заны. Штабтан үш жарым ша­қырым жерде біздің рота кө­пірдің жанында күзет­те тұр­ған. Жанымдағы жауын­гер­лермен сарбаздарға та­мақ апа­рып берейік деп шық­тық. Бір мезетте дәл қасым­нан сі­ріңке жанғандай дыбысты ес­тідім. Сөйтсем соңымызда гра­натомет жарылған екен. 36 сағаттан кейін есімді жисам, контузия алыппын. Қасымдағы жігіт сол жерде қаза тауыпты. Екі әскер жараланған. Елге оралар алдында бойымызды қорқыныш биледі. Өйткені, қайтарға аз уақыт қалғанда операция көбейіп, сарбаздар қаза тауып жатты. 

1982 жылдың 13 ақпаны. Үйге қайтар кез. Штабтан 22 шақырым жерде керуен келе жатыр деген хабар келді. Түнде барып қоршадық. Олар сол мезетте бізге қарай оқ жаудырды. Үш жауынгер көз  жұмды. Аяғыма оқ тиді. Қа­­расам, жанымдағы жігіт те жа­ралы екен. Сарбаз досымды сүй­­реп, қауіпсіз жерге алып ке­л­іп, штабтағыларға хабар бер­дім. Олар келіп бізді тік- ұшаққа салып алып кетті. Сол жылы «Ерлігі үшін» медалімен мара­патталдым. Не керек, туған жерімізге, үйімізге аман-есен оралдық», – дей келе, болашақ ұр­пақ біз көргенді көрмесе екен де­ген тілегін білдірді.   

Ауған соғысының ардагер­лері елге келгеннен кейін оқу оқып, қоғамдық жұмысқа ара­ласып кетті. Бүгінде үш кейіп­керіміз де бала-шағалы. Отбасында аяулы әке, сүйік­ті жар. 

Иә, сол кездері Отан ал­дын­­­­да адал қызмет атқарып, елі мен жері үшін сұрапыл со­ғыста қаһармандық танытқан ар­дагерлерге құрмет көрсету – жас ұрпаққа міндет. Отан үшін оқ­тан қаймықпаған жандардың жанқиярлық ісі бәрімізге өшпес өнеге.

Айдар ҚАЛИЕВ.