ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ МӘЛІМДЕМЕСІ: ТАРИХИ КЕЗЕҢ

Уақыты: 20.03.2019
Оқылды: 1395
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Дәл қазіргі сәт – еліміздің тарихында қалатын айтулы кезең. Тәуелсіздігімізді тұғырлы еткен Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен өкілеттігінен бас тартып, оның орнына халқының тағы бір қалаулы ұлы Қасым-Жомарт Тоқаев келуде.

Осы орайда Астанада өткен қос палатаның бірлескен отырысында жаңа Президенттің ант қабылдау рәсімі өтіп, онда бұған дейін ел басқарып келген Нұлсұлтан Назарбаевқа айрықша құрмет көрсетілуі көңілімізден шықты.

Өз кезегінде сөз алған  Қасым-Жомарт Кемелұлы халқын жарқын болашаққа бастаған Елбасына алғысын айтып, "саясаттағы ұлы ұстазым" деп ұлықтауынан еліміздің тізгіні Ұлт Көшбасшысының жолын жалғайтын арда азаматқа сеніп тапсырылатындығына көз жеткізе түстік. Бұл сөзіміздің дәлелі Нұрсұлтан Әбішұлында Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті мәртебелері мен барлық мемлекеттік органдар мен оқу орындарында, мекемелерде Тұңғыш Президенттің портреті сақталынатындығы деуге болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы, мұнымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне монумент тұрғызып, Елбасына "Құрметті сенатор" атағын беруді де ұсынды. «Халық қаһарманы» атағын беріп, Ұлт Көшбасшысын құрметтеді.

Ел тізгінін ұстаған Қасымжомарт Тоқаев көк туды сүйіп тұрып, халыққа адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Қасымжомарт Кемелұлының бұл қызметті абыроймен атқарарына кәміл сенеміз.

Мықтыбек РАХЫМБЕК,
Талдықорған заң колледжінің директоры