ОҚЫРМАНДАРДЫҢ БІРІ "ЖЕТІСУ" ГАЗЕТІНЕ БАТА БЕРДІ

Уақыты: 22.03.2019
Оқылды: 1150
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Өткен жылы еліміз бойынша «Үркер» ұлттық сыйлығын иеленген жұлдызды басылым – «Жетісу» газетінің ұжымын, бас редакторы Әміре Әрінді ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ батамды арнаймын!

Тәуелсіз еліміз аман болсын,
Жерімізде бейбітшілік заман болсын.
Әр шаңырақтың түтіні түзу шығып,
Жақсылыққа басатын қадам болсын.
Газет бетінде жақсылықтар жария болсын,
Сүйінші хабарларыңыз сарқылмас дария болсын.
Әміре інім, Жамбыл баба жасына жеткен қария болсын.
Ұжымыңыз бірлікті, берекелі,
Әр күндеріңіз әз Наурыздай мерекелі болсын!
Әумин!


Стан Әлікенов,
зейнеткер-ұстаз

Редакциядан: Ұстаз берген әз-батаны ормандай оқырманымыз бен барша жетісулықтарға да арнағымыз келеді!