ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Уақыты: 16.05.2019
Оқылды: 1012
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті – білікті мамандар даярлау. Ал студенттің жоғары оқу орнындағы міндеті –  еңбек жолында басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройының өз дәрежесінде болу керек екендігін түсіну. Себебі, бүгінгі студент – ертеңгі маман. Болашақ маман бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, Отанына қызмет етуге даяр тұлға болуы тиіс.

 


Осындай талапты берік ұстана отырып, білікті де білімді маман даярлайтын оқу орнының бірі – Қазақ – Америка университеті жанындағы Алматы байланыс колледжі. Аталған колледж Қазақстан Республикасында байланыс пен телекоммуникация саласында техникалық және кәсіби білім беруде жетекші рөл атқарады. 90 жылдық тарихы бар қасиетті білім шаңырағында колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ – Америка университеті ассоциациаланған профессоры Ғайни Айғараеваның басшылығымен  білікті педагогтар ұжымы қызмет етеді. 

Колледжде «Радио­элек­троника және байланыс», «Оптикалық электронды жабдықтар», «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету», «Аударма ісі», «Экономика», «Қаржы» мамандықтары бойынша мамандар даярланады. Түлектер жоғары оқу орны Қазақ – Америка университетінде білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар. 

Ұжым көптеген телекоммуникация саласының мекемелерімен келісімшарт құрған. Олардың ішінде негізгі және ірі мекемелер де бар. Олар: «Қазақтелеком», «Алматытелеком», «Базистелеком», «Қазте­лерадио»,  «Kcell», «Beeline»,  «Қазпошта». Бұл мекемелерде студенттер технологиялық тәжірибеден өтіп, оқу бітірген соң аталған мекемелерге жұмысқа орналаса алады. Осындай білім ордасында оқыған студенттің болашағы жарқын, келешегі кемел болары анық. 


М. ТӨЛЕУЖАНОВА, 
Ж. НҰРАХМЕТОВА, 

Қазақ – Америка университеті жанындағы Алматы 
байланыс колледжінің оқытушылары