ҚАУІПСІЗДІК - БАСТЫ НАЗАРДА

Уақыты: 16.06.2019
Оқылды: 891
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Көліктегі полиция департаменті Үштөбе стансысындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағына Ақтоғай стансысынан Сарыөзек стансысына дейінгі және Талдықорған – Қарабұлақ – Текелі тармағы, барлығы 500 км. астам теміржолы мен Талдықорған қалалық әуежайы кіреді. ЖПб-нің қызмет көрсететін аумағы 7 ауданды қамтиды.


Көліктегі полицияның басты міндеті – қызмет көрсету аумағында теміржол көлігімен тасымалданатын жүктің сақталуы мен пойыздардың, ұшақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз есірткі бизнесімен күресу, көпшіліктің арасында «Құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастыру, азаматтардың сана-сезімдерін және құқықтық мәдениетін көтеру. Бұл міндеттердің қатарына теміржолда мал және адамдардың болуына байланысты жылжымалы құрамның шұғыл тоқтауын қамтамасыз етіп, теміржол аймақтарында балалардың теміржол жарақатына ұшырауын болдырмау, жылжымалы құрамнан жүктерді ұрлау, байланыс және белгі беру құралдарын бұзу, рельстерге бөгде заттарды қою, жолаушылар пойыздарының әйнектерін сындыру тәрізді қылмыстың және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу жайттары да кіреді.

Талдықорған қаласы әуежай ЖПб-нің қызметкерлері Талдықорған ст. ЖПб-нің қызметкерлерімен бірлесіп, «Қазтеміртранс» АҚ филиалы, «ҚТЖ ҰҚ» АҚ, «ӘТЖК» АҚ, Талдықорған қаласының әуежай қауіпсіздігі қызметкерлерімен іс-қимылды үйлестіре отырып жылжымалы құрамның жабдықтау бөлшектерін, сондай-ақ, Талдықорған қаласының әуежайында байланыс құрылғыларын ұрлау қылмыстарының алдын алу мақсатымен түрлі түсті металл бөлшектерін және басқа жолаушылардың жекеменшік заттарын ұрлаумен айналысатын тұлғаларды анықтау және олардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу үшін 1-5  шілде аралығында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

                Т. БҮТІНШІНОВ,
Талдықорған  қаласы әуежай ЖПб-нің 
бастығы, полиция полковнигі