ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ САЯХАТ

Уақыты: 11.07.2019
Оқылды: 1154
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

2019 жылдың 26-29 қыркүйек аралығында Түркияның Ван қаласында «ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ САЯХАТ» тақырыбында халықаралық көрме өтеді. Аталмыш шара осымен 10-рет ұйымдастырылады.

Ван – Түркияның батысында орналасқан қала, Ван провинциясының әкімшілік орталығы әрі халқы көп шоғырланған аудан. Халқы миллионнан асатын қала Ван көлінен 30 шақырым жерде орналасқан. Одан бөлек, көпшілікке 4 мыңнан аса этникалық қырғыз  халқы тұратын Ұлу Памир ауылы таулары Ван астанасынан 100 шақырым жерде.

Көрменің мақсаты – өңірді туристік бағыт ретінде таныту. Сондай-ақ, Шығыс Анатолия өңірінің экономикалық және туристік мүмкіндіктерімен таныстыру.

Көрме экспозициясы мен қатысушылар құрамы туризм саласы мамандарына да, Түркия еліне демалысын өткізуді жоспарлаған саяхатшылардың да қызығушылығын тудырары сөзсіз.  

Барлықтарыңызды көрмеде күтеміз! Келіңіздер! Көріңіздер!

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ