АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 12.07.2019
Оқылды: 1316
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Манзоров Бағдат Сайланбайұлы Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Манзоров Бағдат Сайланбайұлы 1962 жылы туған. 1983 жылы Қазақтың физкультура институтын «Дене шынықтыру және спорт оқытушысы» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша және 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технология магистрі - көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талдықорған қаласының жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің жаттықтырушы болып бастаған. Әр жылдарда Кировск колхозы базарының директоры, «Шаған» ЖШС президенті, «Айсер» ЖШС директоры, Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Көксу ауданының әкімі, Ақсу ауданының әкімі, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2019 жылдың ақпан айынан - Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы.

Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Байжанов Айдарбек Естебекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Серік Қантай