ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРДЫ

Уақыты: 16.07.2019
Оқылды: 755
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорғандағы «Тюркский дворик» демалыс алаңындағы бассейінде суға батып кеткен 17 жастағы жігітті облыстық аурухананың реаниматолог-анестезиолог дәрігері Ілияс Нүсіпалиев клиникалық өлімнен құтқарып қалды. 


Жұмыс уақыты аяқталған дәрігер Ілияс Нүсіпалиев аталған демалыс орнына суға түсуге барған. Сол уақытта бассейннен ес-түссіз күйінде алып шыққан жігітті көріп, бірден қызметіне кіріскен. Ол жедел жәрдем көлігі келгенше, 7-8 минут бойына реанимациялық көмек көрсеткен.

-Суға батқан адамды құтқару кезінде әр минут қымбат. Егер бірден көмек көрсетпей, 3-4 минут жоғалтып алсаңыз, онда миға, жалпы ағзаға қан бармай қалады. Жүрекке массаж жасау арқылы жүрек соғысын қалпына келтірген соң есін жиды. Жедел жәрдем көлігі келген соң қажетті ем-шара қолданып, облыстық ауруханаға жеткізілді, - деді дәрігер.

Қазір 17 жасар Назим облыстық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер.