ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

Уақыты: 09.08.2019
Оқылды: 903
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Заман дамыған сайын құбылып, айласы мен амалын арттыратын сыбайлас жемқорлықтың экономикамыздың дамуына, еліміздің өркендеуіне кедергі келтіріп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, осынау кері тартар келеңсіздікке қарсы күрес те заман ағымымен бірге жалғасып келеді.


Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігіне ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Осы орайда инспекцияның жұмысы да аса жауапты, өзен-көлдердегі балық қорының қорғалуы мен көбеюін қамтамасыз ету мақсатында балық аулауға қатысты кез келген заңсыздықтың алдын алуға бар күшіміз бен жігерімізді, кәсіби шеберлігімізді жұмсаймыз. Заңдылықты қадағалау үшін өзінің атқаратын қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді жақсы білу керек. Инспекция басшысының бекітіуімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған іс-шаралар жоспарын орындау барысында инспекцияда заңның тың талаптарын түсіндіруге арналған, жемқорлыққа жол бермеудің жолдарын қарастыратын жиындар жиі өткізіліп тұрады. 

Е. УАТАЕВ, 
Алматы облысы орман 
шаруашылығы және 
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 
бас маман-заңгері