НӘТИЖЕСІН КҮТЕМІЗ

Уақыты: 12.08.2019
Оқылды: 683
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Текелі қаласы, Бақтыбай көшесінің тұрғындары жолдың тауқыметін бір кісідей тартып келеді. Жылу дұрыс берілмейтіндігі тағы бар. Қора көшелері де дәл осындай жағдайда. Әсіресе, болашағымыз саналатын балалардың арнайы ойнайтын алаңдары салынса дейміз. Қазір жазғы демалыс уақытында бір мезгіл болса да далада доп теуіп, ойын ойнатайық десек алаңымыз жоқ. 


Қазір көпшілік айлықты тікелей банкоматтан алатыны белгілі. Қалада «Халық банк» банкоматтары тым аз. Айдың басында зейнеткерлер, ай соңында мемлекеттік қызметкерлер сағаттап кезекте тұрамыз. Осындай ұзынсонар кезек азайса дейміз.

Қазір азық-түлік бағасы тым қымбаттап кеткені баршамызға белгілі. Қала базарындағы сатушылар бағаны өздері реттеп алған. Әрқайсысы өз ойындағы бағамен сауда жасауда. Ешқайсысы тазалық, гигиеналық талапқа сай емес. Осыны бақылайтын органдар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қараса деген тілек бар. Баға тұрақты әрі қарапайым халықтың қалтасы көтеретіндей болса дейміз. Әкімдік осы тілектерімізді нәтижесіз қалдырмас деген үміттеміз. 

Текелі қаласының бір топ 
тұрғындары