БАҚЫТТЫМЫН

Уақыты: 12.08.2019
Оқылды: 878
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мен бақыттымын ба? Әр адам өзіне осы сұрақты әйтеуір бір қоятыны анық. Кей-кейде болмашы бір нәрсеге бола, жақсы баға ала алмасақ, бір жерге бара алмай қалсақ, «туф, неткен  жолы болмайтын бақытсыз едім» дейміз. Бұл солай ма? Шын мәнінде де бұлар бізді бақытсыз ете ме? Әй, осы адам баласы неткен қанағатсыз едік, барлығының әрқашан  жақсы, ойдағыдай болғанын қалаймыз. Ал олай болмай қалса, өзімізді бақытсызға санаймыз.


Шын мәнінде біз БАҚЫТТЫМЫЗ. Мен БАҚЫТТЫМЫН! Себебі, мен бұл жалған дүниені адам көзімен көрудемін, Алла маған сана берді, мені АДАМ етіп жаратқаны үшін БАҚЫТТЫМЫН! Менің Отаным, анам, апайым мен бауырым, туған-туысқандарым бар, сол үшін бақыттымын. Әр таңды бейбітшілікпен атқызып, батқан күнді сәттілікпен шығарып салғаным үшін, тыныш түнгі тәтті ұйқым үшін, алған білімім мен көрген көздерім үшін бақыттымын. Тәттісі мен ащысы бар, қызықты да қызғылықты өмірім үшін, қайталанбас күндерім мен сәттерім үшін, сүйе де күйе білетін жүрегім, қуана да мұңая білетін көңілім, жалпы АДАМ болғаным үшін БАҚЫТТЫМЫН!

Айдана СМАҒҰЛ
Кербұлақ ауданы