АРЫСТАН КЕЛГЕН БҮЛДІРШІНДЕР

Уақыты: 12.08.2019
Оқылды: 920
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында қоныстанған, қалалық білім бөліміне қарасты «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің кезекті ауысымына Арыс қаласынан 150 бала арнайы демалуға келді. 


Алыстан келген жеткіншектердің сапарына сәттілік тілеген облыстық білім басқармасының бас маманы Гүлжан Елубаева лагерьде балаларды сергітетін көптеген түрлі танымдық ойындар қарастырылғанын айтты.  

Одан кейін сөз алған лагерь директорының орынбасары Сағира Жанғалиева  арыстық балаларды ла­герьдің ішкі тәртіп ережесімен және демалыс ауысымында өтетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Лагерь ауласында қалалық балалар шығармашылық орталығы шағын концерттік бағдарламасын  ұсынды. Осы орталықтың өнерпаз шәкірттері әуелете ән салып, мың бұрала би билеп, мейман балаларды өнердің кәусәр бұлағынан сусындатты.

Енді қонақ балалар «Күншуақ» лагерінде өтетін танымдық іс-шаралар мен спорттық жарыстарға қатысып, көлге, бассейнге шомылады. Сонымен бірге Қапшағай қаласына саяхат жасап, көрікті жерлерімен, тарихи орындарымен  таныспақ. 

Мақпал ТӘЖМАҒАМБЕТОВА
 Қапшағай қаласы