ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

Уақыты: 30.08.2019
Оқылды: 741
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміз үшін ең маңызды құжат.

Өйткені, мемлекеттің тәуелсіздігін айғақтайтын, халқының өмір сүру салтын қалыптастыратын, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын дәлелдейтін Конституция әрбір мемлекеттің негізгі заңы есептеледі.

Халқымыз Ата Заң атап кеткен Қазақстан Республикасының Конституциясы, ең алдымен, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғайтын құжаттың 1-бабында тайға таңба басқандай анық жазылған. Сондықтан, оның өзге заңдар мен заңнамалардан бәсі жоғары.

Өз басым Ата Заңымызды халқымыздың ғасырлар бойы армандаған ақ тілегінің нәтижесі деп білемін.

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен барша отандастарымды құттықтай отырып, алдағы күндеріміздің жарқын да шуақты болуын тілеймін! Отбасыларыңызға ырыс-құт, бақ-береке, бала-шағаларыңызға амандық, есендік, тыныштық, тұрақтылық берсін! Мемлекеттік мерекеміз құтты болсын!

Асқар ЖАЗЫЛБЕКОВ,
«Жазылбеков және К» коммандиттік  серіктестігінің  директоры