ЖЫР ҚҰЛАГЕРІ

Уақыты: 07.09.2019
Оқылды: 1169
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Биыл жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл. Осыған орай Қаракөз ауылдық кітапханасында жас оқырмандар арасында  «Қазақтың жыр Құлагері» атты поэтикалық марафон өтті.


Ілияс Жансүгіровтің ақындық талантын жас оқырмандардың  жүрегіне ұялату, поэзияны сүю, өлеңді мәнерлеп жатқа оқу, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейтуге баулу мақсатында өткен байқау екі бөлімнен тұрды. Шараға қатысушылар әуелі ақынның өлеңдерінен, келесі кезекте прозалық шығармасынан немесе драматургиясынан жатқа үзінділер оқып, сахналық образ жасады. 

Өңірдегі 10 жас оқырманның қатысуымен өткен додада  Нариман Нұрғұмар 1-орынға ие болды. Ал, 2-орын Кәусар Алтыбайға, 3-орын Жанерке Молдаханға бұйырды. Қалған қатысушылар да жүлдеден құралақан қалмай, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Б. АБЕЕВА,
Қаракөз ауылдық кітапханасының қызметкері
Ақсу ауданы