АБАЙДЫ ОҚЫДЫ

Уақыты: 11.09.2019
Оқылды: 1336
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында поэтикалық марафон өтті. 

Шара халқымыздың дана, дара ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын, көрегендігін дәріптеу, насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жастар, мекеме-ұйым қызметкерлері қатысқан марафон барысында оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып қана қоймай, хакімнің өмір жолын да баяндады.

Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгінгі күні жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге мәңгі өмір сүре бермек. 

Сайлау АБЫЛДАЕВА, 
Балқаш аудандық
кітапханасының қызметкері