ТАБЫС КӨЗІ

Уақыты: 11.09.2019
Оқылды: 834
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ауданда дәнді дақылдармен бірге көкөніс, бақша өсіруге де жағдай жасалынған. Сондай бақша баптаушылардың бірі – Родион Ан.


Биыл аудан көлемінде 350 гектар егістік алқапқа көкөніс және 25 гектар жерге бақша өнімдері өсірілді. Қазіргі таңда аудан аумағында қарбыз өсірумен айналысатын 5 шағын кәсіпкер бар.  

Родион Святославович Бақбақты ауылдық округіне қарасты «Киз МТС» ЖШС-нің егістік алқабынан 20 гектар жерді жалға алып, қарбыз өсіреді. Бұл жөнінде:
– Жалға алған жер көлемінің 3 гектарына түрлі көкөніс, қалған гектарына ала қарбыз дәнін қададық. Бүгінде әр гектарынан шамамен 45-50 тоннадан өнім алып отырмыз. Өнімдерді Алматы, Жаркент қалаларынан және аудан орталығының кәсіпкерлері сатып алады, – деген кейіпкеріміз бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын жеткізді.

Дәмі тіл үйіретін қарбыз алажаздай тынымсыз еңбек пен тұрақты күтімнің арқасында өсіп-өніп, жетіледі. Аталған кәсіпті дөңгелету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қарбыз – ерінбей еңбек етіп, бабын тапқанға нағыз табыстың қайнар көзі.

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
Балқаш ауданы