ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ

Уақыты: 03.10.2019
Оқылды: 568
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындарын спортқа тарту мақсатында күзгі «Қайырымдылық марафоны» өтті.


Марафонға қатысушылар І. Жансүгіров көшесінің айналма жолынан бастап, Н.Назарбаев даңғылымен орталық алаңдағы мәре сызығына дейін жүгіріп өтті. Мыңдаған қайырымды қала тұрғындарының басын қосқан іс-шара облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жастар саясаты басқармасы, облыстық жеңіл атлетика федерация және  қала  әкімдігінің  ұйымдастыруымен өткізілді. 
2400 шақырым қашықтықты қамтыған марафонға 1000-ға жуық адам қатысты. Қала тұрғындарымен қатар департамент қызметкерлері, мемлекеттік ұйым өкілдері, спортшылар, студенттер мен оқушылар да атсалысты. 

14-40 жас аралығындағы ерлерден бірінші болып мәре сызығын Данияр Орманғали кесіп өтсе, әйелдер арасынан Ақбаян Нұрмамед жеңімпаз атанды. Ал 40 жастан жоғары ерлер арасынан Біржан Бимолдаев, әйелдер арасынан Индира Мәмбетова жүлдеге ие болды. Жеңімпаздар  диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Игі істің бастамасы болған күзгі «Қайырымдылық марафонынан»  жиналған қаражат «Ерлік» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне табысталды.

Айсұлу ЧЕЛЕКЕН