МҮМКІНДІКТІ МОЛАЙТТЫ

Уақыты: 03.10.2019
Оқылды: 750
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елдегі шағын және орта бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. 


2020 жылғы қаңтарда күшіне енетін микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий және микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босату жаңа компаниялардың аяқтан нық тұрып, кейіннен пайдаға жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Отандық кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды қадамдарының бірі – бизнеске жүктемені азайту. Президент өз Жолдауында зейнетақы жарналарының қосымша 5 пайызын енгізуді 2023 жылға дейін кейінге қалдыруды тапсырды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұған дейін мұндай жаңашылдыққа қарсы болған еді. 

Бұл жарналар бизнеске ауыртпалықты арттырып, кәсіпкерлер үшін жағдайды қиындатады және оларды экономиканың көлеңкелі секторына кетуге мәжбүр етеді. Салық жүктемесінің төмендеуі отбасылық бизнестің дамуына жол ашады. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларды да қамтамасыз етеді. Жастар, жоғары оқу орындарының түлектері де өз ісін ашуға, жастардың жұмыссыздығын төмендетуге оң ықпал ететін идеяларын жүзеге асырады.

Әсет ШАЯХМЕТОВ,
облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры